Атырау, 23 қараша 22:47
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Облыстық сотта нәрестенің өліміне қатысты іс бойынша апелляцияны қарау басталды

3 243 просмотра

Бүгін, 26 наурызда Атырау облыстық сотында нәрестенің өліміне қатысты іс бойынша апелляциялық шағым қарала бастады. Залда тек қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Тәтті УӘЛИЕВАДАН басқа ешкім болған жоқ - сот онлайн-режимде өтуде.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкіміне апелляциялық шағымды сотталғандардың бесеуі және олардың адвокаттары мен туыстары да берді.

Адвокат Талғат Мұқатанов ҚР ҚҚІЖК-ның 87-бабы 10-тармағына сілтей отырып, Атырау облысының барлық құрамына қарсылық білдірді және қарсылық туралы өтініш облыстық соттың барлық құрамымен қаралуы тиіс екенін айтты. Себебі бірінші сатыдағы сотқа төрағалық еткен Гүлмира ДӘУЛЕТОВА БАҚ-қа үкім бойынша түсініктеме берген, ал бұл екінші сатыдағы соттың шешіміне әсер етеді деп есептейді.

Сот 1 сәуір күні сағат 9.30-ға ауыстырылды, себебі адвокаттар Аслан ЖОЛБОЛОВ пен Нұрлан ЖОЛБОЛОВ апелляциялық шағым орыс тілінде түсіп, сотталғандар сол тілде құқығын қорғауды талап еткендіктен адвокаттары олардың құқығын орыс тілінде қорғауға ынта білдірді.

Айнұр САПАРОВА

26 наурыз 2021, 15:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.