Атырауда Нұрсая және Алмагүл ықшамаудандарында тұрғын үйлердің қаптамасы түсіп жатыр. Олардың келбеті әлі салынып бітпеген үйлер секілді.
Атап айтқанда, Нұрсая ықшамауданындағы №46 және 51 үйдің, Аманшин көшесіндегі (Алмагүл ықшамауданы маңында) №74 үйдің кейпі осындай. Қалалық ТКШ бөлімі қаптаманың бір бөлігі құрылыс кезінде нашар жасалғандықтан түсіп қалғанын растады. Әкімдік оны демеушілерді тарта отырып қалпына келтіруді жоспарлап отыр, бірақ нақты қашан екені белгісіз.
Айта кету керек, Нұрсаядағы үйлердің сыртқы қабаты бірінші рет құлап тұрған жоқ. Бірнеше жыл бұрын мұнда мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үй қаптамасының бір бөлігі түсіп қалған.
Фархат ӘБІЛОВ
Суреттерді түсірген автор