Атырау, 14 қаңтар 22:41
 қар жаууы ықтималВ Атырау -6
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

​Заңсыз қазылған карьер игерілмей қалды​

3 473 рет қаралды
Көрнекі сурет

19 сәуірге қараған түні Атырау полиция басқармасының қызметкерлері Береке ауылының маңында, Жайықтың жағасында заңсыз қазылған карьерді игерумен айналысқан «КамАЗ» және экскаватор-тиегіш жүргізушілерін анықтады.

Бұл экологиялық заңнаманы бұзуға қатысты іс-әрекет болғандықтан, шешім қабылдау үшін материал экология департаментіне жіберілді.  ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер өз кезегінде «КамАЗ» жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК 230-бабы («Міндетті сақтандыру туралы ҚР заңнамасын бұзу») бойынша, экскаватор жүргізушісіне – 590-баптың 2-бөлігі («Мемлекеттік нөмірсіз көлік құралын басқару») бойынша әкімшілік хаттама толтырды. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

25 сәуір 2021, 01:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.