Атырау, 12 қазан 03:21
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Атырау облысында «Ashyq» мобильді қосымшасы аясында кім жұмыс істейтіні белгіленді

3 996 просмотра
Көрнекі сурет

Атырау облысының бас санитар дәрігері Мәдениет Танауов  26 сәуірден бастап өңірде «Ashyq» жобасын жүзеге асыру туралы қаулыға қол қойды.

 26 сәуір сағат 00.00-де күшіне енетін бұл құжатқа сәйкес, жоба аясында қай кәсіпкерлік объектінің жұмыс істейтіні көирсетілген:

фитнес-клуб, йога орталығы;

спа-орталықтары;

сауна, бассейн,

PlayStation-клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар (16 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда);

боулинг клуб;

кинотеатр;

театр және филармония;

банкет залдарын, асхана, фаст-фуд, стрит-фуд үлгісіндегі оъектілерді қоспағанда қоғамдық тамақтану объектілері;

бильярд клубтары;

концерт залдары;

ерікті қатысушылар.

Қазір Атырау облысы коронавирус бойынша «қызыл» аймақта тұр.

 

«Ashyq» деген не?

«Ashyq» – қоғамдық орынға келушілерді тіркейтін мобильді қосымша. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы QR-кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің мәртебесін (статус) анықтайды. 

«Қызыл» мәртебе ПТР-тест тапсырып, коронавирус анықталған адамға беріледі. Мұндай мәртебе иелеріне үйде оқшаулану режимін қатаң сақтауға тиіс.

«Сары» – байланыста болған адамдарға берілетін мәртебе. Оларға азық-түлік алуға немесе үйдің жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етілгенімен, басқа қоғамдық орындарға баруға тыйым салынады.

«Көк» - ауру жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдар есебінде жоқ, ПТР-тест (мысалы әуежайда) талап етілетін жерлерден басқа кез келген жерде еркін қозғалу дегенді білдіреді.

«Жасыл» –жүріп-тұруда шектеу жоғын білдіреді.

QR- код бизнес субъектілеріне беріледі. 

24 сәуір 2021, 14:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.