Атырау, 23 желтоқсан 02:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

«Байзаарда» COVID-19-ға қарсы вакциналау пункті ашылды

3 671 рет қаралды

«Baizaar» сауда орталығында коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау пункті ашылды, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бүгін, 27 сәуірде «Baizaar» сауда орталығында вакциналау пункті ашылды. Ол 1-қабатта орналасқан және қала тұрғындарына сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Пунктте үш медицина қызметкері - екі дәрігер мен бір медбике жұмыс істейді.

«Пункт үш аймаққа бөлінген - медициналық тексеру аймағы, вакциналау аймағы және демалыс аймағы. Атырау тұрғындары тіркелген жеріне қарамастан "Спутник V" вакцинасының І компонентін ала алады, - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

27 сәуір 2021, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.