Атырау, 18 желтоқсан 18:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Қазір әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы қандай?

4 824 просмотра

Қазір Атырауда күнбағыс майының шекті бағасы литріне 686 теңге, 1-санаттағы он жұмыртқа 444 теңге болып белгіленді. Бұл туралы брифингте қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Руслан ДӘУЛЕТОВ мәлімдеді.

Оның айтуынша, бөлім апта сайын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түрінің бағасына мониторинг жүргізеді. 

- Атырау облысында шекті бағалар Экономика министрінің бұйрығына сәйкес тоқсан сайын белгіленеді. 2021 жылғы 1-тоқсан қорытындысы бойынша, күнбағыс майы мен тауық жұмыртқасының бағасы көтерілді. Егер кез-келген әлеуметтік өнімнің шекті құны 15%-дан асып кетсе, біз бағаны тұрақтандыру тетіктерін жүзеге асыру жөніндегі комиссияға жүгінеміз. Комиссия қаулысы бойынша күнбағыс майының шекті бағасы қазіргі уақытта 686 теңге, жұмыртқаның ондығы 444 теңге, - деді Р.Дәулетов. Ол сәуір айында сәбіз 2,4%, қант 6,5%, сиыр еті 3,3% қымбаттағанын айтты.

Дәулетовтің айтуынша, күнбағыс майы Атырау облысында ғана емес, бүкіл республика бойынша қымбаттады, бұған себеп - шикізат тапшылығы мен логистика шығындары. Ал жұмыртқа бағасының қымбаттауы - құс тұмауының салдары (былтыр құс фабрикаларының көпшілігі жұмысын тоқтатты). 

«Атырау ӘКК» АҚ директоры Гүлмира МЕНДАЛИЕВА былтыр желтоқсаннан бастап сәуір айына дейін бұл корпорацияның тауар интервенциясы мақсатында «Насиха», «Көктем», «Дина» және «Сарайшық» базарларында 605 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін сатқанын хабарлады. 

- Ауыл шаруашылығы тауарларын тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін маусымаралық кезеңде тұрақтандыру қорына көкөністің 4 түрін (картоп, қырыққабат, сәбіз және пияз) өсіретін «АгроФеликс» жергілікті шаруа қожалығына 200 млн теңге көлемінде қарыз берілді. Бұдан басқа, 2020 жылдың 5 мамырында «Идеал-Маркет» ЖШС-нен 400 млн теңге бөлінді. Келісімге сәйкес, ЖШС әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 15 түрін шекті бағамен сатады, - деді Г.Мендалиева. 

Бұл тізімге жылтыратылған күріш, қант, рожки, қарақұмық, күнбағыс майы, сары май, нан, айран, сүзбе, тұз, тауық жұмыртқасы, сүт, сиыр еті (жауырын-төссүйек), ұн және тауық аяғы кіреді. 

- Көкөністерді жеткізу мерзімі мамырда аяқталады, бірақ қоймаларда қазір бәрі бітті, - деді Г.Мендалиева. 

Біз тұрақтандыру қорындағы көкөністің бағасын білу үшін «Дина» базарына барғанда, олар шынымен де қалмаған екен. 

Сатушы картоп сапасы өте нашар екенін, оны жартысы тұтынуға жарамсыз болғандықтан іріктеп алуға мәжбүр екенін айтты. Ал сырттан әкелінген картоп 200-220 теңге тұрады, ол тұрақтандыру қорынан екі есе қымбат. 

Бағалар төмендегідей:

Бұдан басқа, әлеуметтік маңызы бар нан бағасын тұрақтандыру үшін 1-сұрыпты ұнның қымбаттауына байланысты 8 наубайханаға 1000 тонна ұн сатып алу үшін 155 млн теңге көлемінде келісім жасалды. Бүгінде оларға 860 тоннасы жіберілді. 

Брифинг соңында Руслан Дәулетов әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы қымбаттаған жағдайда 32-01-68 телефон нөміріне қоңырау шалуға болатынын айтты.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

27 сәуір 2021, 15:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.