Атырау, 12 қазан 03:27
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Атырауда өткен тәулікте 97 адамнан коронавирус анықталды

2 330 просмотра

Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны өсуде, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте Атырау қаласында 73 адамнан, скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 8 науқастан коронавирус індеті анықталды. 

Сондай-ақ, соңғы тәулікте Жылыой ауданының 2, Индер ауданының 6, Құрманғазы ауданының 5, Мақат ауданының 3 тұрғынында қауіпті індет расталды. 

Коронавирустық инфекция 43 науқаста тиісті белгілермен өтуде. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 143 адам емделіп шықты.

Қазіргі уақытта 1235 адам үй жағдайында, 173 - модульдік ауруханада, 89 - облыстық аурухананың инфекциялық стационарында, 102 - фтизиопульмалогиялық орталықта, 153-аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 153 науқас емделуде.

Ал емдеу орындарының жансақтау бөлімінде 38 адам емделіп жатыр. Олардың 8-і ӨЖЖ аппараттарына қосылған. Жүктеме 46,9% (81 төсекке) құрайды.

Айта кетейік, Атырау облысы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұр.

26 сәуір 2021, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.