Атырау, 23 желтоқсан 03:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қосшағылдағы амбулатория: 30 жыл өткен соң

Сурет
4 383 рет қаралды


Жылыой ауданы Қосшағыл ауылында 4 мыңдай адам тұрады. Халқы тығыз орналасқан ауылдағы дәрігерлік амбулатория қарапайым талапқа сай емес дейді жергілікті тұрғындар.

25 келушіге арналған екі қатарлы амбулатория ғимараты 30 жыл бұрын пайдалануға берілген. Содан бері бірде-бір рет күрделі жөндеу көрмеген. Өткен жылы жай жөндеу (ғимараттың шатырын ауыстыру, ауласын қоршау, іші-сыртын әктеу, кейбір есіктерді ауыстыру, сынған терезе шыныларын ауыстыру) жұмысы жүргізілген. Бірақ та бұл ғимараттың мұқтаждығын толық жаба алмайды.

- Бізге күрделі жөндеу жүргізу қажет, кафелдерді жаңалау, гараж салу, инженерлік жүйелерді ауыстырмаса болмайды, - дейді амбулатория қызметкерлері.

Мұнда жиһаздардың әбден тозығы жеткен. Күндізгі бөлімдегі 8 кереуеттің алынғанына 20 жыл болған. Тіс дәрігері кабинеті бар деген атақ, ондағы құрал-жабдық істен шыққан.

Амбулатория ұжымының сұранысына орай аудандық мәслихаттың депутаты Мұхтар АЙТҚҰЛОВ унитаз бен душ кабинасын алып берген, ол да әлі күнге дейін іске қосылмай тұр.

- Неге осылай болғанына таң қаламын.  Аудандық бас дәрігерге бірнеше рет ескерткенмін, бірақ шығып жатқан нәтиже жоқ, - дейді депутат.

- Бүгінде халық арасында қан қысымы, ишемиялық жүрек ауру, қаназдық басты орында тұр, - дейді амбулаторияның аға дәрігері Салима ҚАЛИЕВА.

Ал Жылыой ауданы ауруханасының директоры Нұрбек ҮКІБАЕВ былай дейді: 

- Халық санына орай стамотолог дәрігер штатта қарастырылмаған. Бірақ жылжымалы кешен түрінде ұйымдастырылуда, арасында келіп тұрады. Мәслихат депутатының инициативасы бойынша алынған жуыну орны мен әжетхана жақын арада орнатылады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

23 сәуір 2021, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.