Атырау, 12 қазан 03:24
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Барлау және өндіру учаскелеріне қатысты екінші аукцион өтті, оның екеуі – Атырау облысына тиесілі

4 153 просмотра

23 сәуірде көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған екінші онлайн-аукцион өтті. Бұған дейін аукционға 15 жер қойнауы учаскесі қойылатыны хабарланды, алайда бүгін тек 8-не ғана өткізілді, қалған 7-і қатысушылардың «кворумының» болмауына байланысты әзірге тізімнен шығарылды.

Сонымен, бүгін Құмкөл (Қарағанды облысы), Шатырлысай және Көпбұлақ (Ақтөбе облысы), Биікжал және Оңтүстік Қасқырбұлақ (Атырау облысы), Жаңатаң, Жақсымай және Қаратөбе (Ақтөбе облысы) учаскелері саудаға түсті.  Аукцион нәтижесі бойынша қол қойылатын бонустың жалпы сомасы 9,3 миллиард теңгені құрады.

Ең жоғары сұраныс Каратөбеге түсті: оған шамамен 4 млрд теңге ұсынылды. Одан кейін Шатырлысай - 2 млрд теңгеден астам.

Естеріңізге сала кетсек, 2020 жылдың желтоқсанында Энергетика министрлігі алғашқы аукцион өткізді, онда 7 лотқа қатысушылар жалпы сомасы 61 млрд теңге ұсынды. Атырау облысындағы Сарайшық және Забурын учаскелері ерекше қызықтырды, оларға жеңімпаз атанған Petro Qazaq ЖШС жалпы алғанда 59,5 млрд. теңге төлеуге ниет білдірді. Кейін олар энергетика министрлігінен төлем мерзімін екі айға кейін шегеруді сұрады, бірақ бұл өтініш қанағаттандырылмады. Енді осы екі учаскені жылдың екінші жартысында қайта аукционға шығару жоспарланып отыр. 

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

24 сәуір 2021, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.