Атырау, 18 желтоқсан 17:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Сарайшық пен Забурынды ұтып алған «Petro Qazaq» ЖШС төлем мерзімін ұзартуды сұрады

4 867 просмотра

Аукционда Сарайшық пен Забурын учаскелерін пайдалану құқығын жеңіп алған «Petro Qazaq» ЖШС төлем мерзімін екі айға, яғни 2021 жылдың 25 наурызына дейін ұзартуды сұрады. ҚР Энергетика министрлігіне тиісті хат жолданды.

Компания төлем жасау ниетінің өзгермейтіндігін, бірақ халықаралық шекаралардың жабылуы және ішкі операциялық мәселелерді шешудегі шектеулер секілді СOVID-19 пандемиясына байланысты жағдайлар орын алғандықтан 2021 жылғы 25 қаңтарға дейін төлем жасау мүмкін болмағанына сендірді.

Естеріңізге салсақ, компания мемлекетке 59 миллиардтан астам теңге төлеуі керек - Сарайшық үшін 43,2 миллиард және Забурын үшін 16,3 миллиард. Аукцион 2020 жылдың 23 желтоқсанында өтті, көмірсутектерді барлау және өндіру құқығын сатып алған компанияларға «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекстің 100-бабының 3-тармағына сәйкес, 25 қаңтарға дейін төлеу керек еді. Саттыққа барлығы 7 учаске қойылды, аукцион қорытындысы бойынша қол қою бонусының жалпы сомасы 61 млрд теңге болды.

Аукционның басқа бес жеңімпазынан (Сағыз, Қарабау, Бегайдар, Балқұдық және Қошалақ учаскелері) жалпы сомасы 1 миллиард 454 миллион теңге ақша түсті.

«Petro Qazaq» ЖШС-не келетін болсақ, оның өтінішін министрліктің заңгерлері қарайды, егер кейін төлеу мүмкін болса, соңғы шешімді арнайы ведомствоаралық комиссия қабылдайды. Егер оның шешімі теріс болса, екі учаске де 2021 жылдың екінші жартысында қайтадан онлайн аукцион арқылы сатылуы мүмкін. Дегенмен, «AЖ»-ға Энергетика министрлігінде түсіндіргендей, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске және Салық кодексіне сәйкес, қайталама аукцион бірінші аукционда ұсынылған соңғы сомадан басталмайды.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

27 қаңтар 2021, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.