Атырау, 24 наурыз 14:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Атырауда

Вахтадағы кісі өлімі Оқиға

Вахтадағы кісі өлімі

Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, 31 шілде күні кешкісін Исатай ауданы Жаңаталап учаскесіндегі мұнайшылардың вахталық поселкесінен Құлсары қаласының 58 жастағы жұмысшысының басынан зақым алған мүрдесі табылды. 2 тамыз 2013, 16:51 2 814 рет қаралды
"Синопек" кешенді тапсыру мерзімін орындамады Экономика

"Синопек" кешенді тапсыру мерзімін орындамады

2013 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ инвестициялық қызметі мәселелері бойынша өткен кеңесте «ҚазМұнайГаз» АҚ төрағасының міндетін атқарушы Данияр БЕРЛІБАЕВ Атырауда хош иісті көмірсутек өндіру кешенін (ХӨК) іске қосу белгісіз мерзімге кейінге қалдырылғанын хабарлады. 1 тамыз 2013, 12:32 3 086 рет қаралды
Қойшы жай түсіп, мерт болды Басқа жаңалықтар

Қойшы жай түсіп, мерт болды

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, 31 шілдеде сағат таңғы 7-де Қызылқоға ауданы Ойыл селолық округіне қарасты Жасқайрат ауылына жақын маңдағы Бәйгетөбе учаскесінде өрісте жүрген 18 жастағы қойшыға жай түсті. 1 тамыз 2013, 11:18 2 612 рет қаралды
Құлсарылық қылмыскер ұсталды Оқиға

Құлсарылық қылмыскер ұсталды

«ЖС»-да хабарланғандай («Құлсарыдағы кісі өлімі» жарияланымын қараңыз), 29 шілдеге қараған түні Құлсары қаласындағы подъезде оқпен атылатын қарумен 21 жастағы ер адамды өлтіріп кеткен еді. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, қылмыс екі тәуліктен кейін ашылды. 1 тамыз 2013, 15:52 2 835 рет қаралды
Мен төледім. Басқа не керек? Басқа жаңалықтар

Мен төледім. Басқа не керек?

Құрманғазылықтар алаяқтық құрбанына айналды «АЖ»-ға Құрманғазы ауданының Котяевка селосынан Яков ИСМАҒҰЛОВ қоңырау шалып, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның оларға 2012 жылдың қараша-желтоқсан айындағы бережақ төлемді мойындарына іліп қойып отырғандығына шағымданды. 1 тамыз 2013, 00:00 3 717 рет қаралды
Туған жерден бір пұшпақ Қоғам

Туған жерден бір пұшпақ

Мен АБДОЛЛАЕВТАР отбасына келгенде, үйде қонақ бар екен – отағасы  Шыңғысқа кіші қарындасы күйеуі мен екі баласын ертіп келіпті. Мен ойлағандай қонаққа емес, тұрақты тұруға келген екен: бұл жерде ата-анасы, ағасы жанұясымен көптен бері қоныстанады. Қарақалпақстанда тек әпкесі ғана қалды. Ол да қонаққа келген. Алайда Қарақалпақстаннан көшіп келу ойында да жоқ. 1 тамыз 2013, 00:00 6 359 рет қаралды
«Әкімді халықпен тілдесуге шақыру керек» Басқа жаңалықтар

«Әкімді халықпен тілдесуге шақыру керек»

Атырау-Доссор жолы арқылы өтетін өткел жабылғалы бері бір апта өтті. Бұған қала дайын емес екен: көлік кептелістері, кешігулер, осы факторларға байланысты жағымсыз жайттар... орын алуда. 1 тамыз 2013, 00:00 5 375 рет қаралды
Доллар төңірегіндегі пайымдар Экономика

Доллар төңірегіндегі пайымдар

Шілде айында доллардың теңгеге қатысты бағамы күрт өсіп кетті. Үш апта ішінде доллар екі теңгеден астам мөлшерде: 30 маусымда 151,65 теңгеден 22 шілдедегі ахуал бойынша 153,72 теңгеге тұрақталды. Біз бұл үрдіс пе, әлде кезекті алыпсатарлық айла-шарғылар ма, соны анықтауға тырыстық. 1 тамыз 2013, 00:00 4 804 рет қаралды
Әуреге салған әлеуметшілер Басқа жаңалықтар

Әуреге салған әлеуметшілер

Жұма күні, 26 шілдеде, көру қабілеті бойынша мүгедектер қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлы Хабиеваны қабылдау бөлмесінде күні бойы күтіп, келмеген соң, тікелей қаржы полициясына барды. 1 тамыз 2013, 00:00 2 887 рет қаралды
Оқиғалар хроникасы Оқиға

Оқиғалар хроникасы

Биылғы жылдың ақпанында 29 жастағы әйел адам пәтер алып беруге көмектесемін деген уәдемен 9 мың доллар ақшасын алып, ғайып болған. 24 шілдеде тал түсте Әлиев – Сатыбалдиев көпірінің маңынан Жайық өзеніне шомылып жүрген Құрманғазы ауданының Балқұдық селосының тұрғыны, 30 жастағы ер адам суға батып кетті. 1 тамыз 2013, 00:00 2 460 рет қаралды
Ажырасу оңай ма? Басқа жаңалықтар

Ажырасу оңай ма?

Ажырасу ерлі-зайыптылар үшін өте ауыр процесс, әсіресе егер жұптың балалары бар болса. Сондықтан адамдардың процедураны дұрыс ресімдеп, тез өткізгісі келетіндігі таң қаларлық іс емес. Бірақ заңды білімі жоқ адамдарға тіпті ажырасуға арыз жазудың өзі де қиын... 1 тамыз 2013, 00:00 47 605 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Жиырма сиырды жер жұтты ма?

Биылғы қуаңшылық онсызда өмірлері қиын ауыл тұрғындарына ауыр тиді. Индер ауданы Елтай ауылының маңында өсіп тұрған шөптер күннің қызуына өртеніп, айнала аққұйқаланып, тап-тақырға айналған. Тұрғындар төрт-түлік малын қырып алмау үшін қырдағы шаруалардың бағымына беруге амалсыздан келіскен болатын. 1 тамыз 2013, 00:00 2 073 рет қаралды
Ешкім көмгісі келмейді Басқа жаңалықтар

Ешкім көмгісі келмейді

Бұл күштік электр кабелі (суретте) «Жеті қазына» тұрғын үй кешенінің аумағында - №3 және №4 үйлердің арасында жер бетіне сәуір айынан бері шығып тұр. ПИК айналасына символикалық қоршау орнатып, қызыл ленталармен орап қойды. Алайда бұл балаларды тоқтата ала ма? 1 тамыз 2013, 00:00 3 031 рет қаралды
Спорт жаңалықтары Спорт

Спорт жаңалықтары

Қостанай облысының Лисаковск қаласында 1998 ж.т. жасөспірімдер арасында «Арай-Холдинг Кубогы» 17-ші дәстүрлі баскетбол турнирі мен 1999-2000 ж.т. балалар арасында «Арай-Орал» Қазақстан-Ресей баскетбол лигасының финалы өтті. Екі турнирде де атыраулық командалар керемет өнер көрсетті. 1 тамыз 2013, 00:00 3 947 рет қаралды
Көпірдегі жанкешті трюк Басқа жаңалықтар

Көпірдегі жанкешті трюк

Бүгін, 30 шілдеде 17 сағат 45 минутта Атырау қаласының орталық көпірінен 18 жастағы жергілікті жасөспірім Жайыққа секіріп, суға батып кетті. Сол кезде досы оның суға секіргенін ұялы телефонының камерасына түсіріп алыпты. 30 шілде 2013, 22:28 4 039 рет қаралды
Үш жылға созылған сергелдең Басқа жаңалықтар

Үш жылға созылған сергелдең

Атырауда ТКШ терможаңғырту бағдарламасының шеңберінде көппәтерлі үйлердің жөнделіп жатқанына үшінші жыл болды. Осы уақыт бойына «АЖ»-ға жөндеу жұмыстарының сапасына мүлдем көңілдері толмайтын қала тұрғындары шағымдарын айтып келеді. 30 шілде 2013, 16:27 2 626 рет қаралды