Атырау, 5 желтоқсан 07:34
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Экономика

Үнемдеген ұтады Экономика

Үнемдеген ұтады

«Атырау су арнасы» КМК мен табиғи монополияларды реттеу агенттігінің департаменті биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап су мен канализация қызметінің тарифтері қымбаттайтындығын хабарлады. Нақтырақ айтсақ қосымша құн салығын (ҚҚС) қосқанда 1 текше метр үшін шамамен 3 теңгеден болады деп жоспарланған тарифтен асады. Ал мекемелер үшін шамамен 18-20 теңгеге қымбат. 14 наурыз 2012, 16:57 3 717 рет қаралды
Аузымыз аққа жаритын болды Экономика

Аузымыз аққа жаритын болды

Таяу болашақта «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (ӘКК) табиғи сүт өндіруді жолға қоюға, құм мен ұсақ тастардың бағасын төмендетуге және ірі халықаралық орталық құруға уәде береді. Осы және басқа да мәселелер туралы ӘКК басқармасы төрағасының орынбасары Абат ТАСИМОВПЕН сұхбаттасқан едік. 14 наурыз 2012, 16:31 5 347 рет қаралды
Теңіз итбалығымен көрікті Экономика

Теңіз итбалығымен көрікті

Биылғы жылы қаһарлы қыстың салдарынан теңіздегі мұз қалыңдығы 80-90 сантиметрге жетті (әдеттегіден екі есе қалың). Итбалықтар мұндай жағдайда өздерін қалай сезінеді? Итбалықтардың күшіктеу кезеңі қалай өтті екен? 7 наурыз 2012, 18:10 5 913 рет қаралды
Қаржы қоржынының құпиясы Экономика

Қаржы қоржынының құпиясы

ТШО-ның әлеуметтік инвестициялары: жергілікті ұйымдарға қанша үлес тиеді? Коммерциялық емес ұйымдар ғана қатысатын ТШО-ның облыстық әлеуметтік-инвестициялық бағдарламасына қаржы бөлу жөніндегі саясаты оларды алушылар тарапынан көп сынға ұшырап отыр. Шетелдік инвестор жобаны таңдаған кезде жұртшылықтың пікірімен санаспайды дейді үкіметтік емес ұйымдар. Ал ең бастысы – бюджет жөніндегі ақпарат жабық. «Теңізшевройл» ЖШС-нің жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімінің бас менеджерінің орынбасары Линси КРЕЙНМЕН (суретте) кездескенде бірқатар жайттарды ашу үшін сауалдарымызды басқа қырынан қоюға тырыстық. 29 ақпан 2012, 19:31 4 077 рет қаралды
Бүгінгі бағам - ертеңге қадам Экономика

Бүгінгі бағам - ертеңге қадам

Неліктен Ауыл шаруашылығы министрлігі «АтырауБалықты» қаржыландыруды тоқтатты және жергілікті билік Жаңаөзендегі оқиғадан қандай сабақ алды? Осы және басқа да сұрақтардың жауабын облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ 2011 жыл ішіндегі өз есебінде мәлімдеді. 29 ақпан 2012, 18:55 2 445 рет қаралды
Бiзге барлық жол қымбат Экономика

Бiзге барлық жол қымбат

Жаңа бизнес-активтер мен инвестицияларды сатып алу саны бойынша мемлекет барлық ең мықты деген олигархтарды басып озып отыр. Олар барлық сатып алу жиыны - әуе компаниялары мен банктерден бастап, теміржол, кен орындарына дейін қатысуға дайын. Және оның қандай  ауқымда қанат жаятындығы түсінікті бола бастады: қыдырамыз, барлығын инвестициялаймыз!  23 ақпан 2012, 14:13 2 624 рет қаралды
Қалтадағы емес, кәртішкедегі ақша қадірлі Экономика

Қалтадағы емес, кәртішкедегі ақша қадірлі

Бізге пластик ақшалар не үшін қажет? Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғанына біршама уақыт болды. Ал шетелдік сапарларға жиі шығып тұратын әжептәуір ауқатты сұхбаттасушымның: «Сіз ол жақта кәртішкемен есеп-айырысқанда қорықпайсыз ба?!» деген сұрағын күтпеген едім. Сонда қорқу керек пе еді? 22 ақпан 2012, 20:46 4 704 рет қаралды
Жанармайға жарымадық Экономика

Жанармайға жарымадық

«Гелиос» бензин бағасын төмендетуді ұсынады Ішкі нарықта бензин тапшылығы проблемасын шешу үшін Аи-92 бензинінің бағасын 120 теңгеге дейін, Аи-80-ді 113 теңгеге және дизель отынын 127 теңгеге дейін көтеру керек, деп есептейді қазақстандық жанар-жағармай стансаларының қожайындары. Қазір отынның «халықтық» маркасының бағалары 106, 86 және 90 теңге (тиісінше). 16 ақпан 2012, 17:25 3 026 рет қаралды
Қайнауы жетпеген жоспарлар Экономика

Қайнауы жетпеген жоспарлар

Аймақтық дамытуға арналған жаңа қадамды Қазақстанның Бас сызбасы нақты  түрде бекітпек. Тоқырауға ұшыраған аймақтардан адамдар үкімет болашағы бар деп таныған аймақтарға көшетін болады. Алайда, халқының саны жағынан әлемде тоғызыншы орын алатын, немесе бар болғаны, бір мегаполиске тең келетін  біздің еліміздегі мұндай саясат әлеуметтік және экономикалық жағынан алып қарар болсақ, құлдырауға соқтыруы мүмкін. 16 ақпан 2012, 17:11 2 763 рет қаралды
Әлеуметтік дүмпудің салдары Экономика

Әлеуметтік дүмпудің салдары

Жаңаөзендегі  орын алған келеңсіздікті  экономикалық тұрғыдан алып қарайтын болсақ, бұл тікелей және жанама қаржы жоғалту болып табылады. Сондай-ақ, жағдайды сауықтыру үшін жасалған әрекеттер ешқандай нәтижеге қол жеткізген жоқ. Егер,  еліміздің барлық депрессиялық аудандарындағы проблемаларды кешенді түрде шешуден  бастамасақ,  жаңа бюджеттік қаржылардың құйылуы проблеманы тек ушықтырып қана қояды. 9 ақпан 2012, 18:11 4 032 рет қаралды
Арықтағың келе ме? Зейнетақымен күн көр Экономика

Арықтағың келе ме? Зейнетақымен күн көр

Жыл басынан бері зейнетақылар 9 пайызға өсті. Енді төменгі зейнетақы мөлшері (оны жарты миллион қазақстандық алады) 26 мың теңгеден сәл асады. Мен бұл ақшамен қалай күн көруге болатынын байқап көруді ұйғардым.  9 ақпан 2012, 17:25 3 719 рет қаралды
Иран мұнайы қымбаттауы мүмкін Экономика

Иран мұнайы қымбаттауы мүмкін

KazBIN. 30.01.2012.Астана. – «Кеше Иранның мемлекеттік мұнай компаниясының басшысы Ахмад Калебани егер Еуроодаққа мүше мемлекеттер иран мұнайын тасымалдауға эмбарго енгізер болса, мұнай бағасы барреліне $120 немесе $150 болып көтерілетінін мәлімдеді», деп хабарлайды Media Internation Groop агенттігі. 30 қаңтар 2012, 17:10 2 084 рет қаралды
БТА Банк: дүрбелеңге салған дефолт Экономика

БТА Банк: дүрбелеңге салған дефолт

Ірі қазақстандық банк қиын жағдайдан шыға ала ма? Қазақстандағы ең ірі банктердің бірі – БТА Банкі өзінің ауыр күндерін бастан өткеруде. Ол қиындыққа төтеп бере ала ма, жоқ па - 26 қаңтарда ғана белгілі болады. Бұл күні банктің сыртқы инвесторлардың алдындағы қарызын қайта құрылымдау жөнінде күрделі келіссөздер өткізу белгіленген. Банк несие бойынша пайыз төлеу жөніндегі кредиторлар алдындағы өз міндеттемелерін орындамаған (мерзімі 2012 жылдың 1 қаңтарында өтіп кетті) және жұма күні, 20 қаңтарда оған дефолт жарияланды. Алайда өткен аптаның басында банк банкротқа ұшырады деп сенімді түрде айтылып... атыраулық компания бухгалтерлері өз қызметкерлеріне басқа банктерден еңбекақы кәртішкелерін ашуға кеңес берген. 25 қаңтар 2012, 23:55 3 688 рет қаралды
Автонарық: баға шынымен арзандай ма? Экономика

Автонарық: баға шынымен арзандай ма?

Алақай, автокөлік нарығында жекелей болса да, аз-мұз дағдарыстан құтылғандаймыз. Автодиллерлер жеңімпаз атанған көліктерді салыстыра бастады: өткен жылғы сату деңгейі дағдарысқа дейінгі көрсеткіштерге жетті. 11 қаңтар 2012, 19:54 6 202 рет қаралды
Экономика

Жыл бойына баға қалай өсті?

Республикалық статистика агенттігі 2011 жылы азық-түлік тауарлары 9,1 пайызға қымбаттағанын жария етті. Өз қорытындыларын шығару үшін статистика күрделі есептеу жүйесін пайдаланатыны белгілі. Ал біз әр апта сайын жаңартылып отыратын өзіміздің баға кестесінің (жоғарыда) негізінде бүкіл жыл бойына тауарлар бағасының қалай өзгергенін бақылай аламыз. 11 қаңтар 2012, 19:49 3 336 рет қаралды
ҚМГ БӨ 2011 жылы мұнай өндіруді ереуілдер мен электр ажыратуларына байланысты 7%-ға азайтты Экономика

ҚМГ БӨ 2011 жылы мұнай өндіруді ереуілдер мен электр ажыратуларына байланысты 7%-ға азайтты

АСТАНА, 9 қаң  - Қазақстан жаңалықтары АА. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Қаражанбасмұнай» (CCEL), «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есепке алғанда, 2011 жылы 12 341 мың тонна мұнай (тәулігіне 250 мың баррель) өндірді, бұл 2010 жылдағыдан 944 мың тоннаға немесе 7 %-ға кем, деп хабарлады дүйсенбіде ҚМГ БӨ баспасөз қызметі. 9 қаңтар 2012, 18:13 2 294 рет қаралды