Атырау, 13 желтоқсан 04:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

Есептегіште жазық жоқ,тарифтерде дамыл жоқ

2 475 просмотра

Сәрсенбі күні өткен брифингте Табиғи монополияларды реттеу агенттігі директорының міндетін атқарушы Райхан МИЗАМҒАЛИЕВА (суретте) биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап электр энергиясы тарифтерінің көтерілгені туралы хабарлады.

 

БҰЛ БІЗ –ИНВЕСТОРЛАР!

«Атырау Энерго Сату» ЖШС үшін бекітілген жаңа тарифтер орташа алғанда 6 пайызға жоғары. Бұған үстіміздегі жылдың 1 сәуірінен бастап Атырау ЖЭО жеткізетін электр энергиясының қымбаттауы себеп болды. 2009 жылдан бастап елімізде электр энергиясын өндіретін «Тарифті инвестицияға алмастыру» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Тарифті көтеру есебінен электр энергиясын өндірушілер өз қуаттылықтарын жаңарту үшін қажетті қаржыны алатын болады, - деді ол.

Оған қоса енді электр энергиясының дифференцияланған тарифтерінің 2 деңгейлік жүйесінің орнына 3 деңгейлі жүйесі қолданысқа енеді.

Бұрынғы ережелер бойынша, егер тұрғын электр плитасын қолданып, бір өзі айына 110 кВт сағатқа дейін энергия қолданған болса, онда бір кВтсағ үшін 4,72 теңгеден төлеген (осы жерде және әрі қарай – ҚҚС есебімен). Газ жүргізілген үйде тұратын және нормамен тұтынатындар (бір адамға айына 90 кВт) бір кВт сағат үшін 5,13 теңге төледі. Көрсетілген киловаттардан көп тұтынғандарға бір кВт сағат үшін 6,47 теңге тариф қолданыста болды.

 

ЕНДІ ЖАҢА ТАРИФ

1-деңгей: электр плитасы бар және бір адамға айына 110 кВт сағатқа дейін пайдаланатын болса, тариф – бір кВт сағат үшін 5,45 теңге. Газ плитасы болып, айына 90 кВт сағатқа дейін тұтынатын болса, оның тарифі – бір кВт сағат үшін 5,35 теңге.

2-деңгей: электр плитасы болып, айына 110-нан 190 кВт сағатқа дейін қолданатын болса, тариф – бір кВт сағат үшін 6,87 теңге болады; Газ плитасы бар, айына 90-нан 170 кВт сағатқа дейін тұтынатындар үшін тариф – бір кВт сағат үшін 6,87 теңге.

3-деңгей:электр плитасы бар, айына 190 кВт сағаттан жоғары тұтынатындар тарифі – бір кВт сағат үшін 8,59 теңге. Газ плитасы бар, айына 170 кВт сағаттан артық пайдаланатындарға тариф – бір кВт сағат үшін 8,59 теңге.

Мәселен, – дейді Р. Мизамғалиева, – газбен қамтылған үйдің тұрғыны бір адамға айына 200 киловатт пайдаланған делік. Демек, ол: 90 киловатты бір кВт сағат үшін 5,35 теңгеден, келесі 80 киловатты бір кВт сағат үшін 6,87 теңгеден (90-нан 170 кВт сағатқа дейін), қалған 30 киловатты (170-тен 200 кВт сағатқа дейін) бір кВт сағат үшін 8,59 теңгеден төлейтін болады. Сонда 200 киловатт 1288,8 теңгеге шығады.

Осы киловаттарды үстіміз-дегі жылдың 1 сәуіріне дейін қолданыста болған тарифтерге көбейткенде, 1173,4 теңге шығады. Айырмашылық – 115 теңге.

 

АТАЙЛАРҒААРНАЛҒАН ЖЕҢІЛДІК

Алғаш рет жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген тұлғалар үшін жеңілдетілген 1-ші деңгейлі нормалар бекітілді: кімде электр плитасы бар – айға бір адамға 130 кВт сағатқа дейін, кімде газ плитасы бар – 110 кВт сағатқа дейін болады. Р.Мизамғалиева - егер кімде-кім бұл нормадан асырып жіберетін болса, онда ол 2-ші және 3-ші тарифтер бойынша соған сәйкес төлейтіндігін атап өтті.

Электр плиталарын қолданатын жеке тұлғаларға (бұл санаттағыларға тұтыну нормасы артықтау) енді: құрылыс нормалары мен ережелері бойынша газдендіруге жатпайтын үйлердің тұрғындары, орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталмаған үйлер (жеке сектор) және газбен жабдықтау жүйелері жасамайтын үйлердің тұрғындары теңестірілді. Халықтың осы санаты туралы ақпаратты «Атырау Энерго Сату» жылумен және газбен жабдықтаушы ұйымдардан және жергілікті атқарушы органдардан алатын болады.

Сондай-ақ, табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаменті тәулік аймақтары бойынша  электр энергиясына жаңа дифференциялды тарифті бекітті. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін: сағат 7.00-ден  19.00-ге дейін  – кВт сағат үшін  16,45 теңге  (бұл жерде және одан әрі қарай – ҚҚС-сыз), сағат 19.00-ден 23.00-ге дейін  – кВт сағат үшін  34,40 теңге, сағат  23.00-ден 7.00-ге дейін  – кВт сағат үшін  4,95 теңге. Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу үшін электр энергиясын тұтынатындарға:  сағат 7.00-ден 19.00-ге дейін  – кВт сағат үшін  12,6 теңге, сағат  19.00-ден  23.00-ге дейін кВт сағат үшін  – 26,35 теңге, сағат 23.00-ден  7.00-ге дейін – кВт сағат үшін 3,79 теңге.  Жеке тұлғаларға:  сағат  23.00-ден  7.00-ге дейін кВт сағат үшін  – 1,54 теңге,  сағат 7.00-ден  23.00-ге дейін кВт сағат үшін  – 6,65 теңге. Естеріңізге сала кетейін, 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық кәсіпорындар мен ұйымдар тәулік аймағы бойынша дифференцияланған тариф бойынша тұтынған электр энергиясының төлеміне көшуге тиісті болатын. Тұрғындарға тарифтің бұл түріне өз еріктерімен көшуіне болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ,

суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

5 сәуір 2012, 14:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.