Атырау, 25 маусым 01:24
 дождьВ Атырау +26.3
$ 487.02
€ 552.23
₽ 6.51

Темір тұлпардың құны артып тұр

3 175 рет қаралды

2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінің өзгеруіне байланысты көлік құралдарына салынатын  салық мөлшері өсті.

Жеңіл автокөліктердің салық салынатын двигателінің көлемі 4000 текше см-ді қоса алған көлемде болған кезде салық сомасы двигательдің аталған көлемінен асқан әрбір бірлік үшін 7 теңгеге ұлғайтылады. Мәселен, көлемі 4 700 текше см. көлік құралына салынатын салық  194 206 теңгені құрайды: 189 306 теңге (117 АЕК базалық ставка) + 4 900 теңге көлемінен асқаны үшін  (4700 - 4 000 = 700; 700х7 = 4900).

- Көлік салығы міндетті түрде бір жыл ішінде төленуі тиіс,- дейді Атырау облысы салық департаментінің өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру және арнаулы салық режимдері басқармасының бастығы Ербол ЖҰМАБЕКОВ. -Көлік құралдарының салығын төлемеген жағдайда өсімпұл   және айыппұл түрінде әкімшілік жазалау қарастырылған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

9 ақпан 2012, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.