Атырау, 27 қараша 21:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Бензиндi талонмен аласыз

2 480 просмотра

Қалада тағы да жағар май жоқ

Атыраулық жүргізушілер қаһарлы қысты бастан өткізуде:  күртік қар, мұз жамылған жолдар, ал енді ол аздай бензинге қатысты мәселе туындады.

«Гелиос» жанар-жағар май стансаларында Аи-92 маркалы бензин еркін саудада жоқ,  оның тек таллон бойынша ғана жіберіле бастағанына үшінші аптадан асты.

«Гелиос» ЖШС жарнама бөлімінің бастығы Анна ШИБАНОВАбылай деп түсінік берді:

«Гелиос» ЖШС жанар-жағар май стансаларындағы отынға байланысты орын алған  кідірістер біздің компанияға ҚР мұнай және газ министрлігінің  өзіміз тапсырыс берген отынның тек 50% ғана бөлінетіндігінен туындап отыр. Бұдан басқа, теміржолда вагон цистерналарына қатысты кедергілер  де бар, стансаларда  отынды жеткізу әдеттегі уақытпен салыстырғанда 2-3 есе уақытты алады. Біздің бұдан бұрынғы алған міндеттемелеріміз бойынша отын көлемдері мұнай базалары мен жанар-жағар май стансаларында артық қалады, сондықтан да біз бензинді қолма-қол ақшасыз жіберуге мәжбүрміз. Алайда, біз ол туралы күні бұрын ҚР бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттікті хабардар етіп отырамыз.

Бағаның айырмашылығына байланысты Ресейден сатып алудың өзі экономикалық жағынан алып қарағанда тиімсіз. Ішкі нарықта ҚР мұнай және газ министрлігі бөлмейтін отын көлемінің көтерме бағасы бөлшек саудадағы бағамен тең келеді.

Дүйсенбі күні түске дейін Жұмыскер поселкесі ауданындағы «ҚМГ-Өнімдері» жанар-жағар май стансасында 92 маркілі бензин болған жоқ. Ал, компанияның өзінде ешқандай кідірістердің жоқтығын айтады.

-Аи-92 бензині мұнай базасында және жанар-жағар май стансасында жеткілікті. «Гелиос» өздерінде проблеманың орын алғандығын айтып,  біздерге ескертті, сондықтан да біз демалыссыз жүргізушілерді бензинмен қамтамамыз ету үшін жұмыс істеп жатырмыз, - деді бізге ондағылар.

Естеріңізде болса, «Гелиос» отынның көлемін жеткілікті түрде алмайтындығына және вагон цистерналарының жетіспейтіндігіне бірінші рет шағымданып отырған жоқ. Жазда орын алған бензиндік дағдарыс та осыған ұқсас болды. Бірақ, сол кезде проблема Аи-95 бензиніне байланысты болған еді. Сарапшылардың пікі-рінше, мұнайгаз министрлігінің бөлуі бойынша берілетін отын көлемі еліміздің ішкі нарығы үшін жеткіліксіз және Қазақстан өзінің қажеттілігін тек Аи-80 және дизель отынымен жауып отыр. Ал, жоғары октанды маркалармен елімізде бұрынғысынша жетіспеушілік сақталған.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА, суретті түсірген

Владимир ИСТОМИН

9 ақпан 2012, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.