Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің департаменті «ОблТрансГаз» КМК-нан 2012 жылдың 1 мамырынан бастап табиғи газ бағасының көтерілетіндігі жөнінде ескерту хат келіп түсті деп, хабарландыру таратты.
Бұл біздің «ОблТрансГаз» бас директорының орынбасары Александр БАЛАКИНМЕН (суретте) кездесуімізге түрткі болды.
- Александр Николаевич, агенттіктің ақпараты бойынша газбен қамту тарифін көтеру туралы мәселе шешіліп қойғаны ма, түсініксіз боп отыр?
- Жоқ, біз тек агенттікке өтінім беріп қойдық. Қазір оны қараумен мамандар айналысуда. Бұл тек процедура ғана, біз өкілетті органға хабардар етуге тиіс едік.
- Сіздердің өтінімдеріңіздің төркіні қандай?
- Біз тұтынушылардан тек тасымалдау үшін ғана ақша аламыз. Газды сатудағы біздің шығындарымыз қолданыстағы тарифте ескерілмеген. Ал облыстық әкімдіктің 2003 жылғы 11 маусымдағы «Табиғи және сұйытылған газдарды жеткізу, тасымалдау және өткізу ережесін бекіту туралы» қаулысы бойынша табиғи газды жеткізу, тасымалдау және сату ақылы негізде жүзеге асырылуы тиіс.
Біз агенттікке әлденеше рет хабарластық. Бүгінде тұрмыстық үстеме деп аталатын газды сату тарифі бүкіл ел бойынша қолданыста. Тек «ОблТрансГаз» үшін оны бекітпей отыр. Былайша айтқанда, «Атырау Энерго Сатуда» электрді сату тарифке енгізілген. Айталық, газды сату қызметімен біз емес, басқа фирма айналыса бастады делік. Сол кезде агенттік оған сату тарифін бекітуге мәжбүр болады. Неліктен олар бізді тегін жұмыс жасауға мәжбүрлеп отыр? Өткен жыл ішінде бізде 200 млн теңгеден астам зиян шоғырланды. Бізде бүкіл облыс бойынша 80 мың тұтынушы бар, бәріне бірдей сапалы, қауіпсіз газ беру керек. Ал бұл тұрғыда біздің қандай шығындарға ұшырайтынымыз ешкімді қызықтырмайды.
- Сіздердің «тұрмыстық үстемелеріңіз» тарифте қандай үлес алады?
- Біз тарифке 1 текше метр газ үшін 1,2 теңге мөлшерінде үстеме енгізу жөнінде өтінім бердік. Яғни, орташа босату тарифі 20 пайызға көтеріледі. Түсініңіз, бізде газға үстеме баға жоқ. Газды қандай бағада сатып алсақ, сондай бағамен сатамыз.
- Қолданыстағы тарифті және егер агенттік сіздердің өтінімдеріңізді қанағаттандыратын болса, үстіміздегі жылдың 1 мамырынан бастап енгізілетін газ бағасын атасаңыз.
- Қолданыстағы тариф (1 000 текше метр газға, қосылған құн салығынсыз): тұрғындар үшін – 3 811,4 теңге, заңды тұлғалар үшін -1 3721 теңге, қазандықтар үшін – 4 743,6 теңге. Тұрмыстық үстеме есебімен мынадай тарифті бекітуді ұсынып отырмыз: тұрғындар үшін – 5 028,41 теңге (32%-ға өскен – М.С.), заңды тұлғалар үшін – 14 938,04 теңге (8,8%-ға өскен – М.С.), қазандықтар үшін – 5 960,63 (25,6%-ға өскен - М.С.).
- Жақында сіздер «ОблТрансГаз» КМК қызметкерлерінің нормативтік санын бекітуге өтінім берген екенсіздер. Не үшін?
- Бұл процедура 2013-2015 жылдардағы шекті тарифті агенттіктің бекітуі үшін қажет. Бізде табиғи газды тасымалдаумен және сатумен айналысатын қызметкерлер санының нормативтері бар. Біз 1 677 адамға өтінім бердік. Қазір қызметкерлер саны 600 адам.
- «ОблТрансГаздың» бережағы қанша?
- Жеткізілген газ үшін біз Теңізшевройлға бірнеше жүздеген миллион теңге қарызбыз. Құдайға шүкір, ағымдағы жеткізілімдерді төлеп отырмыз. Сондықтан бізге газ беруді тоқтатып отырған жоқ. «Интергаз – Центральная Азия» АҚ компаниясының тасымалы үшін ағымдағы төлемдерді аударып отырмыз. Ал бізге бүкіл аудандардағы қазандықтар ақы төлемейді. Олардың бізге бережағы 100 млн теңгеге жиналып қалған. Күдерімізді үзгендейміз.
Жазып алған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ