Атырау, 27 қараша 23:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Салық төленуі тиіс

3 810 просмотра

2011 жылы Атырау облысы еліміздің мемлекеттік бюджеті мен Ұлттық қорына 1 трлн 984 млрд 690 млн теңге аударды. Салыстыру үшін: 2011 жылдың аяғында Қазақстанның Ұлттық қорының активтері 7,8 трлн теңге құрады.

Әрине, осы ақшалардың басым бөлігін мұнай өндіру саласы әкелді. Алайда мұнайға қатысы жоқ атыраулықтардың да еңбектерін азайтуға болмайды. Оның үстіне олар салықтарды толықтай көлемде төлеген болса...

Халық салықтардың қандай түрін төлейді? Бұлар: жеке табыс және әлеуметтік салықтар, бір мәрте берілетін талондар бойынша жеке табыс салығы (бұл базарда тұратындар үшін), автокөлік двигателінің қуаттылығына салынатын салық және мүлік салығы. Жергілікті бюджет осыдан құралады.

Бастапқыда 2011 жылғы облыс бюджеті 109,3 млрд теңге құрайды деп жоспарлаған, бірақ 111 миллиард теңге жиналды. Салыстыру үшін: 2010 жылы 101 миллиард жиналған.

Облыстық салық департаменті бастығының орынбасары Айгүл РЗАҒҰЛОВАНЫҢайтуынша, облыстық әкімдік бекіткен салық салу базасын кеңейту бағдарламасын жүзеге асыру арқасында жоспарды асыра орындауға қол жеткен.

Салық қызметкерлері тарапынан 403 кәсіпорын тексеріліп, 188 қызметкер бойынша айырмашылық анықталған. Басқаша айтқанда, олар жұмыс жасап, бірақ салық төлемеген. Өткен жыл ішінде салық қызметкерлері 37 асабаны, 16 музыкантты, 15 бейнеоператорды, 41 саунаны, 115 шаштаразды, 7 массаж кабинеттерін, 147 қоғамдық тамақтану нүктелерін есепке қойды. Салық базасына 434 жеке кәсіпкер қосылды. Бұдан басқа, баспананы жалға беруші 340 тұлға мен 263 жеке таксист заңдастырылды.

Шағын бизнес нысандарын тексеруде көптеген заң бұзушылықтар анықталды. Мысалы, көлік жуатын орында нақты орташа тәуліктік түсім 301,7 мың теңге, ал салық құжаттары бойынша 159,8 мың теңгеден келеді. Дәріханада: түсім 34 мың теңге, құжат бойынша 22,7 мың. Брэндтік бутикте: түсім 844,9 мың теңге, құжаттар бойынша - 282,6 мың. Салық тексеруінен кейін тіпті бутикке тіркелген қызметкерлер саны көбейіп кетті.

Осы жұмыстардың нәтижесінде облыс бюджетіне табыс салығы бойынша 227,5 млн теңге, әлеуметтік салық бойынша 249,9 млн теңге аударылды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

22 ақпан 2012, 21:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.