Атырау, 5 желтоқсан 07:45
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Экономика

Баға да жыл маусымымен бірге құбылады Экономика

Баға да жыл маусымымен бірге құбылады

Атырау облыстық статистика басқармасының мамандары 2012 жылдың бағалары қалай өзгергенін есептеп шығарды. Ал егер аралық мәліметтерді алар болсақ, 2012 жылдың қарашасында тұтыну бағасының индексі 2011 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда, 106,1 пайызды құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары 3,6 пайызға, азық-түлік емес тауарлар – 3,1 пайызға, ақылы қызметтер – 12,5 пайызға өсті.  3 қаңтар 2013, 15:31 4 666 рет қаралды
Гүл өсірушіге берілген көмек Экономика

Гүл өсірушіге берілген көмек

Құрманғазы ауданы Орлы селосында тұратын ІІ топтың мүгедегі Сапура САТҚАНҒАЛИЕВА (суретте) «Даму» қоры мен «Құс жолы» қайырымдылық қоры жүзеге асырған «Жұлдыздарға қара» жобасы аясында өзінің шағын бизнесін дамытуға грант алды. 3 қаңтар 2013, 15:40 2 560 рет қаралды
Құлсарыға вице-премьер келді (толықтырылды) Экономика

Құлсарыға вице-премьер келді (толықтырылды)

26 желтоқсанда вице-премьер Қырымбек КӨШЕРБАЕВ бастаған үкімет делегациясы Құлсары қаласына ат басын тіреді. Олармен бірге Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ, оның орынбасары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ және басқа да жергілікті шенеуніктер келді. 27 желтоқсан 2012, 23:39 3 111 рет қаралды
Құпия сақтау ойыны Экономика

Құпия сақтау ойыны

Соңғы 20 жылда еліміздің жер қойнауынан бірнеше жүздеген миллион тонна мұнай өндіріліп алынды. Осы игіліктің басым бөлігі экспортқа кетті. Қазақстанға өндірілген және сатылған мұнай табыстарының қандай бөлігі тиесілі, ал оны өндіретін және сататын компанияларға ше? Біздің еліміздің мұнайдан, металдан, ураннан түскен табыстары туралы толық көрсетілген баптарды көргендер бар ма? Қаржы министрлігінің ресми сайтынан ештеңе таба алмайсыз. Бұл соңғы жиырма жылдықтағы басты құпия болып отыр. Бұл құпияның таяу арада ашыла қоюы неғайбыл. 27 желтоқсан 2012, 00:00 4 859 рет қаралды
Кәртішкең болсын қалтаңда Экономика

Кәртішкең болсын қалтаңда

2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап сауда нүктелері төлем кәртішкелері арқылы төлем қабылдайтын арнайы құрылғылармен жарақталуы тиіс. Бұл туралы бізге облыстық салық департаменті бастығының орынбасары Айгүл РЗАҒҰЛОВА хабарлады. 14 желтоқсан 2012, 16:25 2 430 рет қаралды
Сумен бе, құрлықпен бе? Экономика

Сумен бе, құрлықпен бе?

«АЖ» ТШО-ның Келешек кеңею жобасын (ККЖ) Астанадағы мемлекеттік экологиялық сараптаманың сараптамалық кеңесі мақұлдамағанын жазған болатын. Редакция қарауына «ТШО» ЖШС-нің  2012 жылғы 23 қарашадағы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Данияр ЕРЕНЧИНОВКЕ және Жайық-Каспий Орхусс орталығына жолдаған ресми құжаты келіп түсті. Онда компания (бұған дейін Сараптама кеңесінде айтылмаған) ККЖ модульдерін тасымалдау бағыттары туралы сұраққа жауап берген. 5 желтоқсан 2012, 16:57 2 074 рет қаралды
Премьер Қашағанмен танысты Экономика

Премьер Қашағанмен танысты

22 қарашада Атырауға премьер-министр Серік АХМЕТОВ жұмыс сапарымен келді. Премьердің атқосшыларының арасында Мұнай және газ министрі Сауат МЫҢБАЕВ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ төрағасы Өмірзақ ШӨКЕЕВ және сенатор Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ те болды. 23 қараша 2012, 10:46 2 984 рет қаралды
Экономика

Жоба төңірегіндегі түйткілдер

Жақында Атырауда өткен Қазақстан-Британ форумында шетелдік компания өкілдері «ТШО» ЖШС-нің  «Келешек кеңею жобасын» жүзеге асыруға қол жеткізгендерін сенімді түрде айтты, яғни, қазақстандық тараппен келісімге келді.   21 қараша 2012, 17:59 1 922 рет қаралды
Апат айтып келмейді Экономика

Апат айтып келмейді

7-8 қарашада ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жыл сайын қысқы маусымдағы төтенше жағдайлар кезінде құтқару жұмыстарын меңгеру жөніндегі командалық-штабтық республикалық оқу-жаттығу шараларын өткізіп тұрады. Биыл басшылық штабы «Қыс-2012» оқу-жаттығуын Атырауда алғаш рет өткізді. 12 қараша 2012, 12:08 4 184 рет қаралды
Ағылшын лордтары қазақстандық үлес үшін үн қосты Экономика

Ағылшын лордтары қазақстандық үлес үшін үн қосты

Мұнай-газ секторында материалдық-техникалық қамсыздандыру саласында әрекеттестік бағдарламасы бойынша Үшінші Қазақстандық-Британдық Форум қазан айының аяғында Атырауда өтті. Форумда сөз алған ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің тете-министрі Нұрлан САУРАНБАЕВТЫҢ айтуынша, мұның алдында Британияның Абердин қаласында және Астанада өткен екі форум 25 британдық және қазақстандық компанияларды өзара «жақындастырып» қойған.  8 қараша 2012, 00:00 3 476 рет қаралды
Артық қуат нарыққа шығарылмақ Экономика

Артық қуат нарыққа шығарылмақ

«Атырау ЖЭО» АҚ президенті Мұхамбетқали ҚАЛИЕВТІҢ айтуынша, 2009 жылғы үкімет қаулысының негізінде электр энергиясының босату бағаларын (1 кВт/сағат үшін теңгемен): 2012 жылы – 6,3, 2013 жылы – 6,7, 2014 жылы – 7,0 және 2015 жылы – 7,3-ке көтеру қарастырылған. 8 қараша 2012, 00:00 2 844 рет қаралды
«Халықтық ІРО»: тәуекелге бел буамыз ба? Экономика

«Халықтық ІРО»: тәуекелге бел буамыз ба?

«Халықтық ІРО»-ға қатысуға өтініштер 6 қарашадан бастап қабылданады. Қазір «ҚазТрансОйл» АҚ-ның (ҚТО – бағдарламаны жүзеге асыруды осы компанияның бағалы қағаздарын сатудан бастау ұйғарылған) қарапайым бір акциясының бағасы 725 теңге деңгейінде бекітілген кезде, ІРО-ға қызығушылық білдірген адамдар: «ҚТО акцияларын сату-сатып алудан табыс табуға бола ма, әлде бұл мемлекет атынан ұсынылған кезекті «лохотрон» ба?» деген сұрақтар қоя бастады. 7 қараша 2012, 15:44 2 714 рет қаралды