Атырау, 29 қараша 19:33
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Баға да жыл маусымымен бірге құбылады

4 538 просмотра

Атырау облыстық статистика басқармасының мамандары 2012 жылдың бағалары қалай өзгергенін есептеп шығарды. Ал егер аралық мәліметтерді алар болсақ, 2012 жылдың қарашасында тұтыну бағасының индексі 2011 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда, 106,1 пайызды құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары 3,6 пайызға, азық-түлік емес тауарлар – 3,1 пайызға, ақылы қызметтер – 12,5 пайызға өсті. 

Бұл - ресми статистика. Ал біздің өз статистикамыз бар. Ұзақ уақыт бойына әр апта сайын «АЖ» Атырау базарлары мен супермаркеттердегі ағымдағы бағаларды жариялады. Бағалардың «қолдан жасалған» мониторингісінің жедел-талдау нәтижелерін ұсынамыз.

Бүкіл 2012 жыл бойына бағалардың күрт құбылуы байқалған жоқ. 2012 жылдың басында бір келі сиыр етін 1300-1400 теңгеге сатты. Көктемге қарай ет бағасы біртіндеп төмендей бастады. Төмен баға жазда тіркелді. Бұл кезде еттердің бағасының келісі 900-1000 теңгеден сатылды. Желтоқсан айында сиыр еті орташа алғанда 100 теңгеге қымбаттады. Бағаның мұндай құбылуын сұраныс (мәселен, мереке күндерінде немесе былайғы күндері) пен ұсыныстың (жазғы ыстық немесе үлкен мал етін жаппай тапсыру) көбеюі мен азаюына байланысты деп түсіндіреді.

Жұмыртқа бағасының құбылуы әжептәуір байқалды. Жыл басында оның 180 теңге болған он данасы сәуірге қарай 210-230 теңгеге көтерілді. Өткен жылы 15 сәуірге тура келген православиелік Пасха кезінде жұмыртқа бағасы280 теңгеге дейін көтерілді. Мерекелік дүрлігістен кейін жұмыртқа бағасы төмендей бастады. Мамыр айында оның бағасы түсіп, 150-160 теңгені құрады. Бағаның құбылуын саудагерлер құс фабрикаларындағы жұмыртқаның өткізу бағасының көтерілуімен және жанар-жағармайдың қымбаттауымен түсіндірді. Іс жүзінде оған тұтынушылардың жоғары сұранысы ықпал еткен еді. Оған қоса көктемде құс фабрикалары жұмыртқа салатын тауықтарды ауыстырады. Ересектерінің орнын бастапқыда аз жұмыртқалайтын жас тауықтар басады. Соған сәйкес, фабрикалар пайданы жоғалтпас үшін аз жұмыртқа шығарып, маусымдық тапшылықты пайдаланып, сату бағасын көтереді. Жыл аяғына қарай, жаңажылдық мереке қарсаңында жұмыртқа бағасы 200-210 теңгеге көтерілді.

Жыл бойына сүт өнімдеріне баға өзгерістері байқалған жоқ. Ал екінші жартыжылдықта, қазан-қарашада ұн біршама қымбаттады. Мәселен, жоғары сұрыпты «Цесна» ұнының бір келісі 136 теңгеден 180 теңгеге дейін көтерілді. Ал ұн бағасының көтерілгеніне қарамастан, нан бағасы өзгеріссіз қалды – бір бөлкесі 42-45 теңгеден болды. Алайда «Сұлтан» макарондары 5-10 теңгеге қымбаттады. Маусымда картоп пен пияз бағасының көтерілгені байқалды: бір келісі, тиісінше, 70-80 теңгеден 130-150 теңгеге және 50-60 теңгеден 120-130 теңгеге дейін. Осы өнімдер бағасы маусымға байланысты көтеріледі. Өткен жылғы өнім қорлары сарқыла бастайды, ал жаңа өнім әлі жоқ. Көкөніс өнімдерінің бағасы тамызға қарай төмендей бастады: бір келі пияз 50-60 теңгеге дейін, картоп 80-90 теңгеге дейін түсті. 2012 жылдың аяғына дейін бағалар шамамен осы деңгейде болды.

Дайындаған Тамара СУХОМЛИНОВА

3 қаңтар 2013, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.