Өткен жылдың қорытындысы бойынша «ҚМГ БӨ» АҚ 2011 жылға қарағанда 1 пайызға аз мұнай өндірді. Бұл туралы компания өзінің баспасөз релизінде хабарлады.
2012 жылы «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚМГ), CCEL және «ПетроКазахстан Инк.» (ПКИ) үлестерін есептегенде 12 191 мың тонна (тәулігіне 247 мың баррель) өндірілген. «CCEL, КГМ және ПКИ компанияларындағы ҚМГ БӨ үлесі 4 425 мың тонна құрады, бұл осы біріккен кәсіпорындардың өндіру жоспарларына сай келеді», - делінген баспасөз релизінде. «ӨзенМұнайГаз» АҚ 4 950 мың тонна (өткен жылға қарағанда 131 мыңға аз), «Ембімұнайгаз» АҚ – 2 816 мың тонна (2011 жылы да осындай мөлшерде) өндірді.
ӨМГ мен ЕМГ мұнайды экспорттау 2012 жылы 6 091 мың тонна, ішкі нарыққа жеткізу – 1 646 мың тонна құрады. CCEL, КГМ және ПКИ компанияларының сату көлеміндегі ҚМГ БӨ үлесі экспортқа жеткізілген 3 428 мың тоннаны қосқанда 4 410 мың тонна мұнайды құрайды, бұл – компанияның жалпы сату көлемінің 78%-ы.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА