Атырау, 6 қазан 22:31
 ашықВ Атырау +20
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Үздік «он мыңдық»

3 695 просмотра

ҚР Ұлттық банкі өткен жылы айналымға жіберген күлгін көк 10 мыңдық купюрамыз әлемдік банкнот коллекционерлері қауымдастығының жақсы лебізіне ие болды.

Желтоқсанның басында Алматыда Ұлттық банк өз рөлі үшін ерекше бір жеңіс - «2011 жылғы үздік банкнот» дизайнының авторы деген атақты тойлады. Шындығына келгенде, бұл ақша шетелдік әріптесі De La Rue компаниясымен бірлесіп отырып жасалған еді. Ол Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып шығарылған еді. 2011 жылғы 4 шілдеде айналымға шығарылған 30 миллион банкнот Ұлттық банктің Банкнот фабрикасында басылған.

- 2011 жылы шығарылған жаңа дизайнды банкноттарды IBNS (Халықаралық банкнот қауымдастығы) қарауына 12 ел ұсынған еді. Өз кезегінде, IBNS директорлар кеңесі оларды дауыс беруге салды, - дейді ҚР ҰБ Атырау филиалының қолма қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімінің бас маманы Әйгерім БИСЕНҒАЛИЕВА.- Жеңімпазды таңдауда дизайнның ерекшелігі, орындау көркемдігі, түстердің, қарама-қарсылықтар мен теңгерімдердің сәйкестігі, сондай-ақ, қорғаныс белгілерінің ерекшеліктері негізгі критерийлер болып танылды.

IBNS – жыл сайын өздерінің theibns.org сайтында интернет-дауыс беру арқылы жылдың ең үздік банкнотын анықтайтын банкнот коллекционерлерінің тәуелсіз бірлестігі. Бұл коммерциялық емес ұйым 51 жылдан бері қызмет етеді және бүкіл әлем бойынша 2 мыңдай мүшесі бар. IBNS қызметінің мақсаты - әлемнің қағаз ақшаларын білімдік, ғылымдық және тарихи аспектілер бойынша зерделеу.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

19 желтоқсан 2012, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.