Атырау, 30 қараша 02:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Форум – сөз таластыратын орын емес

2 671 просмотра

14 ақпанда «Қазмұнайгазсервис-2013» шеңберінде өткен Астанада мұнай-газ форумы басталды» жарияланымын қараңыз) конференция жанжалсыз өтпеді. Мінберден сөз алған «KSP Steel» ЖШС бас директоры Эдуард КРЕЙМЕР «Теңізшевройлдың» қазақстандық қамтуды дамыту бойынша қарқынды қызметін тек боямалап қана отырғанын мәлімдеді.

«KSP Steel» ЖШС – мұнай-газ саласына арналған жапсарсыз болат құбырлар өндіретін алғашқы қазақстандық кәсіпорын. Ол Павлодарда 2007 жылы құрылған. Форумда сөз алған Креймер алты жыл бойына ТШО-мен серіктестік туралы келіссөздер жүргізілгенін, осы уақыт ішінде ТШО өкілдерінің бес мәрте зауытта болып, өнім сапасын бағалау үшін тәуелсіз сараптама компаниясының тартылғанын айтып берді. Нәтижесінде ТШО-дан бар болғаны 130 тонна мұнай-газ құбырларына ғана тапсырыс түскен.

«KSP Steel» ЖШС бас директоры Эдуард КРЕЙМЕР«KSP Steel» ЖШС бас директоры Эдуард КРЕЙМЕР-  Тұрбалар өндіру барысында барлық шарттар ұсталды, ешқандай ескертулер болған жоқ. Ал өнімдерді тиеу кезінде ТШО өкілі кенеттен: неліктен сіздерде тұрбалар 11 метрден, бізге стандартты ұзындық – 6 метр қажет деп мәлім етті. Жақсы. 6 метрден кестік те, 2,5 тоннасын жібердік. Ал содан кейін бізге тапсырыс спецификациясын ұстанбады деген талап қойды, - деп әңгімеледі Креймер форум мінберінде тұрып.

Нәтижесінде ТШО «KSP Steel» ЖШС-не тиелген өнімді қайтып алуды және  3 500 долларды қайтаруды талап еткен.

Үзіліс кезінде журналистер «ТШО» ЖШС бас директорының орынбасары Әнуарбек ЖАКИЕВТІ ортаға алды. Ол ахуалға былайша түсінік берді:

ТШО» ЖШС бас директорының орынбасары Әнуарбек ЖАКИЕВТШО» ЖШС бас директорының орынбасары Әнуарбек ЖАКИЕВ- Егер инженерлік-технологиялық топ қызметкерлері зауытқа бес рет келген болса, демек, ТШО-ның әлдебір мүддесінің бар болғаны. Бәлкім, техникалық талаптары немесе коммерциялық сипаттағы талабы болған шығар. Бірақ форум мұны талқылайтын жер емес. Бұл жердегі әңгіме ‑ ақшаны қайтару туралы емес, ТШО мен «KSP Steel» арасындағы серіктестік нашар үйлестірілгендігінде. Екіншіден, ТШО кәсіпорны машина жасау мен сервис саласына арналмаған. Бұл салалар оған қажет, бірақ алайда оның өз мақсаты бар.

Журналистер үшін Э. Креймер қосымша тағы да мәлім етті:

- Әңгіме қажетті сапамен қамтамасыз етілсе де, отандық өндірісті дамытуға қарсылық көрсету туралы болып отыр. Алақол бәсекелестіктің барлық тәсілдері қолданылуда. Өз сөзімде осыны жеткізгім келген еді. Мемлекет бізге қолдау көрсетіп отыр, бірақ біз оған бүгін проблеманы анықтауға қана емес, оны шешудің құралын табуға да көмектесуге тиіспіз. Бізге «Теңізшевройл» қойған талаптар секілді талап қою процедурасына қатысатын тәуелсіз сарапшылар қажет. Әйтпесе қазақстандық өндірістің сапасы төмен деген пікір қалыптастырады. Байқап қараңыздар, баяндамалардың бәрінде қазақстандық өндіруші сапаны көтеруі тиіс деп айтылып жатыр. Әрине, компаниялардың барлығы керемет жұмыс істейді деп айтуға болмайды. Бірақ бұл жердегі мәселеде жасандылық жатыр. Қазақстан Батыстан келетін дайын өнімді өткізуші нарық әрі шикізат көзі боп қала берсін деген саясат жатыр. Мен, сөзсіз, ТШО қазақстандық қамтуды орындамай отыр деп мәлімдеймін. 2,5 мың тоннаға 3,5 мың доллар сұрап, олар қандай талап қойып отыр өздері?! Олар бізге қандай көлем көрсетіп отыр? Сіздерге одан көп керек те емес дегендей. Міне, олардың отандық өндірушілермен жұмыс деңгейінің көрсеткіші осындай.      

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Астана-Атырау

Суретті түсірген автор

16 ақпан 2013, 21:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.