Атырау, 25 сәуір 10:43
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Сумен бе, құрлықпен бе?

1 809 просмотра

«АЖ» ТШО-ның Келешек кеңею жобасын (ККЖ) Астанадағы мемлекеттік экологиялық сараптаманың сараптамалық кеңесі мақұлдамағанын жазған болатын. Редакция қарауына «ТШО» ЖШС-нің  2012 жылғы 23 қарашадағы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Данияр ЕРЕНЧИНОВКЕ және Жайық-Каспий Орхусс орталығына жолдаған ресми құжаты келіп түсті. Онда компания (бұған дейін Сараптама кеңесінде айтылмаған) ККЖ модульдерін тасымалдау бағыттары туралы сұраққа жауап берген.

ТШО ШЫҒЫН ЖҰМСАУҒА ӘЗІР

Естеріңізге салсақ, бұрын ТШО Теңізге дейін модульдерді тасымалдаудың үш ықтимал бағыттары туралы мәлімдеген болатын. Солтүстік бағыт – теңізде және Жайық өзенінде тереңдету жұмыстарын жүргізуді, Атыраудағы кемежайды жаңарту және Атыраудан Теңіз кенішіне дейін КТК тұрба құбыры дәлізі бойымен арнайы жүк көлігі жолдарын (220 км) салуды қарастырады. Оңтүстік бағыт Ақтау жанынан кемежай инфрақұрылымын жаңартуды және одан Теңіз кенішіне дейін жалпы қолданыстағы жолды (675 км) қайта жарақтауды жобалайды. Одан кейін теңізден Теңіз кенішіне дейін дерлік канал салуды (60 км) қарастыратын тікелей теңізге жету нұсқасы жобаланған.

ТШО үшін Солтүстік бағыт қолайлы. Компаниядағылардың пікірінше, ол құрылыс жұмыстары кестесінің сақталуын жақсы қамтамасыз ететін көрінеді. ТШО осы бағыт бойынша модульдерді тасымалдау, мәселен, каналды кеніштің өзіне дейін қазуға қарағанда, анағұрлым қымбат тұратын нұсқа екенін айтып отыр. Алайда компания қомақты шығындар жұмсауға әзір.

Сонымен қатар, құжатта айтылғандай, бейресми түрде қожайынын Тимур ҚҰЛЫБАЕВ деп атайтын және бүгінде Солтүстік Каспий мұнай төгінділеріне қарсы экологиялық әрекет ету базасын салып жатқан «ТеңізСервис» мердігер компаниясы тікелей теңізге жету нұсқасын ұсынады. Ол 60 шақырымдық каналды, биік бөгетті және Прорва жартыаралынан оңтүстікке қарай теңіз инфрақұрылымын салуды қарастырады. Бұл нысанмен Теңіз кенішіне модульдерді тасымалдауға арналған 70 шақырымдық жол шектесетін болады. Солай бола тұра ТШО «2013 жылы 1 тоқсанның аяғына қарай қолайлы нұсқаны біржола анықтау мақсатында солтүстік бағыт бойынша модульдерді тасымалдау нұсқасын жасақтауды жалғастыруда».

 

САҒАДАН АЛЫСТА БОЛАЙЫҚ!

ТШО үшін ең сенімдісі – бұл солтүстік бағыт, – деп есептейді «Арлан» ҮЕҰ жетекшісі Макс БОҚАЕВ (суретте).Бірақ егер Прорваға дейін канал жобасы жүзеге асырылса және егер осы каналдың ашылуымен бірге өзен сағасынан әрекет ету базасы алынып тасталса, онда теңіз бағыты табиғат үшін зияны аз бағыт болмақ. ККЖ директоры Поль Бенуа Прорва жартыаралдары деп атаған жерлерге осыдан шамамен он жыл бұрын баруға тура келген еді. Сол кезде жағалау батпақты емес болатын, ол жерде қалың қамыс құрақтары болған жоқ. Егер қазір де солай болса, демек ол жердегі фауна Жайық сағасындағыдай әр алуан емес болғаны. Осы тұрғыда алып қарағанда, ол жерлерге канал салынуы, теңіз операцияларын қолдауға арналған құрылғылар болуы әбден мүмкін. Оның үстіне сол маңда әуежай бар.ТШО мен Қашаған операторлары оны жетілдіріп, бірге қолдана алар еді.

Қандай бағытты таңдаса да, бастысы – табиғатқа тигізер зияны аз болса болғаны.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

5 желтоқсан 2012, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.