Атырау, 29 қараша 17:40
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Гүл өсірушіге берілген көмек

2 423 просмотра

Құрманғазы ауданы Орлы селосында тұратын ІІ топтың мүгедегі Сапура САТҚАНҒАЛИЕВА (суретте) «Даму» қоры мен «Құс жолы» қайырымдылық қоры жүзеге асырған «Жұлдыздарға қара» жобасы аясында өзінің шағын бизнесін дамытуға грант алды.

Естеріңізге салсақ, 2009 жылдан бастап «Даму» қоры мүгедек-кәсіпкерлерді қолдауға арналған «Даму-Көмек» бағдарламасын жүзеге асырып келген болатын. Осы бағдарламаның аясында мүгедектер өздерінің кәсіпкерлік қызметтеріне қажетті техникалар мен жабдықтарды – көшірме аппараттары, компьютерлер, тігін машиналарын, массажды жұмсақ орындықтар алды. Ал «Құс Жолы» қорының «Жұлдыздарға қара» жобасы «Қазкоммерцбанктің» қолдауымен 2005 жылдан бері әрекет етеді және бұл қор да мүмкіндіктері шектеулі адамдарға көмек көрсетуге бағдарланған. 2012 жылғы наурыз айынан бастап осы екі қор біріккен жобаны іске қосты.

Оның жалпы бюджеті 8 млн теңгені құрап, 2012 жылы Қазақстанның 16 өңірінде қызмет етті. Грант алуға кәсіпкерлікті жаңа бастаған (өз ЖК-ін 01.01.2011 күнінен кейін алғаш тіркегендер) І және ІІ топ мүгедектерінің ғана құқы бар.

Атырау облысынан үш өтінім түскен, алайда тек Сапура апаның ғана грантқа қолы жетті. Ол гүл өсіріп, сатады. Оның өз тұрақты тұтынушылары мен мерекелерде гүл алатын ұйымдары бар. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

3 қаңтар 2013, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.