Атырау, 29 қараша 15:34
 ашықВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Акцияларға 270 млн теңге жұмсалды

1 884 просмотра

5 желтоқсанда «Халықтық ІРО» мемлекеттік бағдарламасы аясында бағалы қағаздар нарығына шығарылған «ҚазТрансОйл» АҚ-ның қарапайым акцияларын сатып алуға өтініштер қабылдау (жазылу) аяқталды. 

«Қазпошта» АҚ Атырау облыстық филиалының қаржылық қызметтер бөлімінің бастығы Алтынай САМИЕВАНЫҢ айтуынша, Атырау облысында брокерлік қызмет көрсету және бағалы қағаздарды номиналдық ұстау қызметін көрсету бойынша барлығы 1612 келісім-шарт жасалған. Жеке тұлғалардан «ҚазТрансОйл» АҚ қарапайым акцияларын сатып алуға 270 млн теңгеден астам сомаға 1574 клиенттік өтініштер берілген.

Аудандар бойынша ахуал былайша көрініс табады:  Жылыой ауданында – 57 млн теңгеден астам сомаға402, Құрманғазы ауданында – 5 млн теңгеге 110, Махамбет ауданында – 3,7 млн теңгеге 52, Исатай ауданында – 3,8 млн теңгеге 47, Мақат ауданында –7 млн теңгеге 94, Индер ауданында – 4,6 млн теңгеге 59, Қызылқоға ауданында – 700 мың теңгеге 11, Атырау қаласында – 195 млн теңгеге 799 өтініш берілген.

Республика бойынша барлығы 18,7 миллиард теңге сомаға 25 мыңнан астам адам клиенттік өтініш берген.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

19 желтоқсан 2012, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.