7-8 қарашада ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жыл сайын қысқы маусымдағы төтенше жағдайлар кезінде құтқару жұмыстарын меңгеру жөніндегі командалық-штабтық республикалық оқу-жаттығу шараларын өткізіп тұрады. Биыл басшылық штабы «Қыс-2012» оқу-жаттығуын Атырауда алғаш рет өткізді.
КӨБІК ТҰТҚЫНЫНДА
7 қарашада көлік жолдарындағы қар күртіктерінен адамдарды іздеу және құтқару, су құбырының жарылған жерін және қазандықтағы апатты жою жаттығулары өтті. Барлық жаттығуларға ТЖМ вице министрі Жанболат СМАЙЫЛОВ қатысты.
…«Атырау - Астрахань» көлік тас жолының маңында шуақты күнге қарамастан, қар күртігі жиналып қалған. Расында, ол ақ ұлпа көбіктен әдейі жасалған еді. Түсінік бойынша, Атырау облысына ағыл-тегіл қар жауып, 25-30 м/с-ке дейiн дауылды жел тұрып, минус 40 градус аяз болады. «Атырау – Астрахань» тас жолында қар күртігіне жолаушылар автобусы, «Газель» және «Нива» көлігі батып қалады. Автобустағы жолаушылар арасында үсік шалған екі жолаушы бар.
Дабыл түскеннен кейін сол жерге Атырау облыстық ТЖД мен «Қазавтожол» РМҚК АФ бөлімшелері келіп жетті. Медиктер зардап шегушілерге алғашқы медициналық жәрдем көрсетіп, жедел жәрдем көлігімен оларды қалалық ауруханаға жөнелтті. Осы уақытта арнайы техника жолды қардан тазартты. Барлық жолаушыларды әрі қарай қалаға жеткізу үшін апаттан құтқару автокөлігіне отығызды.
Түстен кейін жаттығу «Атырау Су Арнасы» КМК-ның №3 сүзгі стансасының аумағында жалғасты. Стансаның қуаттылығы тәулігіне 30 мың текше ауыз суды сүзуге жетеді. Кез-келген апат атыраулықтарды сумен қамтуда үлкен зардабын тигізеді.
Түсінік бойынша, станса маңында жерасты су құбырында апат болады. Жер жұмыстарын мақұлдату үшін сол жерге қаланың бірқатар коммуналдық қызмет өкілдері шақырылды. Нәтижесінде апат бригадасы су құбырының тұрба шығарылған жерінің дәнекері тесілгенін анықтады. Санаулы минуттарда апат қызметкерлері ол жерге сақина орнатып, содан соң тұрбаны дәнекерледі. Іс жүзінде де апат осылайша тез жойылса ғой, шіркін!
ҚАЗАНДЫҚТАҒЫ ЖАРЫЛЫС
Соңғы оқу-жаттығу Авангард пен Лесхозды жылумен қамтамасыз етіп отырған Жерұйық ықшамауданындағы қазандық аумағында өтті. Сценарий бойынша, температура - минус 20 градус. Газ құбыры жарылып, өрт болып, бір адам жапа шеккен. Өртті сөндіру үшін қазандықта жұмыс істейтін жұмысшылар өрт сөндіру жеңін жазып, қолда бар құралдарды – құмды, өрт сөндіргіштерді қолданды. Содан кейін ол жерге Атырау қаласының №1 өртке қарсы күрес бөлімінің бірінші және екінші бөлімшесі жетті. Ал ТЖМ аэромобиль жасағының құтқарушылары жапа шегушіні қауіпсіз жерге көшірді. Өрт сөндірілген бойда, «АЖЭО» АҚ апаттық‑техникалық бригадасы жөндеу жұмыстарына кірісті. Кешікпей қазандық іске қосылды.
8 қарашада оқу-жаттығу «Болашақ» зауытында өтті. Ол жерде өндірістегі апат жойылды. Бұдан басқа, рельстен мұнай цистерналары шығып кеткен теміржолдағы апатты жою жаттығулары өткізілді.
Тамара СУХОМЛИНОВА
Суретті түсірген автор