Мұнай-газ секторында материалдық-техникалық қамсыздандыру саласында әрекеттестік бағдарламасы бойынша Үшінші Қазақстандық-Британдық Форум қазан айының аяғында Атырауда өтті. Форумда сөз алған ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің тете-министрі Нұрлан САУРАНБАЕВТЫҢ айтуынша, мұның алдында Британияның Абердин қаласында және Астанада өткен екі форум 25 британдық және қазақстандық компанияларды өзара «жақындастырып» қойған.
Бүгінгі күні облыста Ұлыбрита-нияның қатысу үлесімен 81 компания жұмыс жасайды. Қызығушылық бар және ол бірлескен - мұнайшылардың атыраулық слетіне 94 қазақстандық және 20 британдық компаниялар келді. Бұл форумда, сондай-ақ, ынтымақтастық және өзара тілектестік атмосфера орнады.
Форумға ұлы мәртебелі елші Дэвид МОРАН және Қазақстандағы «Шелл» концерні төрағасының бірінші орынбасары Құралбек КЕЛЖАНОВ төрағалық етті.
Облыстық әкімдік ұсынған Атырау туралы деректі фильмнің көрсетілуі айтарлықтай сергітіп жібергендей және шұғыл арада бір нәрсеге салым салуға ниет туғызғандай болды. Шынында жергіліктілердің «қызыл балықты және қара уылдырықты» өндіруде нәтижелі ынтымақтастықты және оларды жеткізудегі біздің әлемдік көшбасшылық мәселелері көңіл түкпірлерінде қалды, оларды жария етуге шара форматы мүмкіндік бермеді. Облыс әкімінің орынбасары Ғұмар ДҮЙСЕМБЕКОВ олардың сөз алуына жол бермеді, түзете отырып былай деді:
- Қазір, әрине, балық аулауға мораторий жарияланған, оның есесіне дайындалуға сіздерде уақыт бар.
Тете- министр Сауранбаев өз сөзін екі мәнді әзілмен бастады:
- Ұшақтан түскенім сол, ауамен дем алып, өзімнің Атырауда екендігімді түсіндім, сіздерде бәріне мұнай иісі сіңіп кеткен!
Залдан күлкі естілді.
ДЕПУТАТТАР АБЕРДИНГЕ БАРАДЫ
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ төрағасының жергілікті қамтудың үлесін дамыту мәселері жөніндегі кеңесшісі лорд Джон Андерсон УЭЙВЕРЛИ өз сөзіндебіздің қаланың тәжірибесінің Абердин қаласына ұқсас келетіндігін әңгімеледі, бір кездегі ауылдық балықшы қала бүгінгі күні еуропалық мұнай астанасы мәртебесі бар қалаға айналған және біздің шенеуніктерді қатты қызықтырады:
- Өткен аптада бізге КЕЛІМБЕТОВ (Қазақстан премьер-министрінің орынбасары) және тағы да төрт мәжіліс мүшелері келді. Олар Абердин қаласына іс-сапар ұйымдастыруды өтінді.
Ал, мұны Уэйверли мінберде тұрып сендіре алды: «жергілікті қамтудың үлесін дамыту үшін барлық жағдайды жасау, яғни, Қазақстан тікелей пайда алуы үшін Қазақстанда жұмыс жасайтындардың міндетіне айналуы тиісті, бұл ұлттық басымдық!». Ол мұны мантра секілді қайталай берді.
Өкінішке қарай, әлде инвесторларға дұрыс жеткізілмеген бе немесе қайталау әдіс ретінде жұмыс атқармай ма – ірі жобалардағы қазақстандық үлес төменгі деңгейде қалып отыр, кейде тіпті мүлдем төмендеп кетеді, айталық ТШО компаниясында - 6%.
NADLоC ЖАРТЫСЫН ТӨЛЕЙДІ
Өндіруші сектордағы жергілікті қамтудың үлесі жөніндегі жағдайды жария етуді «Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ басқармасының төрағасы Қайрат БЕКТУРГЕНЕВ өз қолына алды:
– Жергілікті үлес мониторингіне енгізілетін тапсырыс берушілердің қызметтері мен жұмыстары, тауарды сатып алудың жалпы жыл сайынғы көлемі 7 трлн теңгені құрайды, сол уақытта табиғат қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары – 2,4 трлн теңге,бұл сатып алулар жиынтығының 35% құрайды.
Алайда, қазақстандық үлес бойынша табиғат қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерінің орындалуы негізінен тек жұмыс пен қызметтерді сатып алуға ғана қатысты. Тауарларды сатып алу үлесі тек 8% ғана құрайды. Бірақ, NADLoC көрсеткіштерді жақсарту үшін шаралар алуда.
– Бүгінгі күні көптеген ірі компаниялар, оның ішінде ТШО, КПО, НКОК біздің кәсіпкерлерімізге әлемдік стандарттар деңгейіндегі сапа сертификаттарын ұсынуды талап етіп отыр. Көбінесе сертификаттарды алу өндірісті жетілдіруді талап ететін қымбат тұратын шаралар болып табылады. Сондықтан да Агенттік Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бірлесе отырып осы мақсат үшін жұмсалатын шығынның 50% өтеу бойынша механизм жасақталды, ол келесі жылдан бастап жұмысын бастайтын болады, - деп жалғастырды сөзін Бектургенов.
Заңнамамен, сондай-ақ, жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелері анықталды, олар жылдық жиынтық табыстан ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырмалық жұмыстар үшін 1% аударып отыру тиіс.
NADLoC бағамдары бойынша бұл норма 2012 жылы НИОКР қаржыландыру көлемін 250 млн долларға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АШЫҢЫЗ – ҚОР ҚОЛДАЙДЫ
Жергілікті қамтудың үлесін арттыруға қатысты «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» да өз пікірін білдіруге тырысты. Қор топтарындағы сатып алулар бойынша қазақстандық үлес пайызы орташа алғанда 52% құрайды.
Отандық тауар өндірушілер мен жұмыс және қызмет берушілерге көмек көрсету саясаты аясында Қор үстіміздегі жылдың қыркүйек айынан бастап ақпараттық электрондық сатып алулар жүйесін енгізбек, қордың пікірінше бұл тендер және сатып алулар өткізу кезінде «азаматтық факторлардың» әсерін төмендетеді және ашықтықты қамтамасыз етпек.
Ақпараттық электрондық сатып алулар жүйесінің осы кезеңіне 4 компания қатысатын болады: «Самұрық-Казына» АҚ, «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ, «Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ және «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС.
Ақпараттық сатып алулар Порталы жөніндегі барынша нақты ақпаратты www.tender.sk.kz. сайтынан оқи аласыздар.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА