Атырау, 29 қараша 20:47
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Бизнесмен болу үшін бір күн жетіп жатыр

5 904 просмотра

Жақын арада қабылданған бірқатар заң актілеріндегі өзгерістер мен толықтырулар кәсіпкер болғысы келетіндердің жұмысын әжептәуір жеңілдетті.

Заңды тұлғаларды тіркеу процедурасындағы жаңалықтар туралы бізге Атырау облыстық әділет департаменті бастығының орынбасары міндетін атқарушы Эльмира ҚЫЗЫЛОВА әңгімелеп берді:

- Шағын кәсіпкерлік секторындағы заңды тұлғаларды тіркеудің рұқсат ету процесінен хабарлау тәртібіне ауысуы негізгі жаңалық боп табылады. Енді ісін жаңа бастаушы кәсіпкерге тіркеу алымын төлеп, бұл туралы тіркеуші органға хабардар етсе жеткілікті. «Тіркеу туралы» Заңның 11-бабында бекітілген бас тарту негіздері бұл жағдайда қолданылмайды. Хабарлама «Электронды үкімет» порталы арқылы толтырылып, сонымен қатар «төлем шлюзы» арқылы төлем жасауға немесе хабарламаға түбіртектің сканерленген көшірмесін жалғауға болады.

Тіркеу автоматты түрде Мемлекеттік «Заңды тұлғалар» дерекқорында жүргізіледі. Заңды тұлғаның тіркелгендігі туралы БИН берілген электронды анықтама алу - процедураның аяқталғандығының дәлелі боп табылады.  

Сонымен енді заңды тұлғаны тіркеу кезінде тіркеуші органға бірқатар қағаз құжаттарын көрсетудің қажеті жоқ. Бұл ең алдымен бұрынғы кезде қажет болған заңды тұлғаның мекен-жайын растайтын құжат пен салық бережағының жоқтығы туралы анықтамаларға қатысты. Акционерлік қоғамдарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін жарғы ұсыну туралы талап алынып тасталды. Тіркеу процедурасына кететін уақытты қысқарту үшін қолданыстағы қағаз түріндегі тіркеу туралы куәлік электронды анықтамаға ауыстырылған. Оны халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға немесе «электронды үкімет» порталынан өзіңіз басып шығарып алуыңызға болады.   

Осылайша, егер бұрын заңды тұлғалар үшін бүкіл тіркеу процедурасына 7 күн уақыт кетсе, енді мұны бір күн ішінде жасауға болады. Бірақ коммерциялық емес сектор мен акционерлік қоғамдар үшін тіркеу мерзімі бұрынғыша қалды.

Бұдан басқа, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылғанын тіркеу тәртібі жеңілдетілді. Қажетті құжаттар тізімінен тарату теңгерімі мен оны бекіту туралы шешім, сондай-ақ, бюджет алдында бережағы жоқтығы туралы салық органдарының анықтамасы  алынып тасталды

Бережағы бар-жоғын тексеру процесі толықтай автоматтандырылған және әділет органдары мен салық органдарының ведомостволық ақпараттық жүйелерінің өзара әрекеттесуімен жүргізіледі. Бұл қызметтің тоқтатылуын тіркеу мерзімін 10-нан 5 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Тамара СУХОМЛИНОВА

15 қаңтар 2013, 19:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.