Атырау, 29 қараша 08:59
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Мыңбаев пен Құлыбаев келеді

2 305 просмотра

Ертең, 9 қарашада Атырауға ҚР Мұнай және газ министрі Сауат МЫҢБАЕВ пен KAZENERGY ассоциациясының төрағасы Тимур ҚҰЛЫБАЕВ жұмыс сапарымен келеді.

Сапар аясында ғылым, инновация және қазақстандық қамтуды дамыту мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің мәжілісі өтпек. Оған Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ, ҚР Парламенті депутаттары, мемлекеттік органдар мен мұнай-газ компанияларының басшылары қатысады.

«KAZENERGY» Ассоциациясының, мұнай және газ министрлігі мен Атырау облысы әкімдігінің арасындағы серіктестік туралы меморандумдарға қол қою жоспарланған.

Келуші меймандар АМӨЗ-ді, Атырау қаласының Ақжар поселкесіндегі 160 орындық жаңа балабақшаны, полиэтилен тұрбалар шығаратын «Шеврон» зауытын және Мақат ауданындағы Ескене селосының қоныс аударушылары үшін Нұрсая ықшамауданында салынған жаңа үйлерді аралап көрмек.

Естеріңізге салсақ, облыс орталығына Ескене мен Байшонас поселкелерінің тұрғындарын (барлығы 2,5 мың адам) көшіру жөніндегі әлеуметтік жобаға «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ 5,4 млрд теңге бөлген еді. Алғашқы қоныс аударушылар жаңа пәтерлеріне биылғы жылдың аяғына дейін көшіп келеді деп жоспарланып отыр. 

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

8 қараша 2012, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.