Жақында Атырауда өткен Қазақстан-Британ форумында шетелдік компания өкілдері «ТШО» ЖШС-нің «Келешек кеңею жобасын» жүзеге асыруға қол жеткізгендерін сенімді түрде айтты, яғни, қазақстандық тараппен келісімге келді.
ККЖ қатысты нақты жағдай туралы айтып беруді біз өткен аптада Атырауға мұнай-газ және KAZENERGY энергетикалық кешенін ұйымдастыру Ассоциациясы мәжілісіне қатысу үшін іс-сапармен келген Мұнай және газ министрі Сауат МЫҢБАЕВТАН өтіндік.
- Жоба акционерлермен, оның ішінде, «ҚазМұнайгаз» ҰК келісілді. Және қазір біздің министрлікке ұсынылуға жасақталып жатыр. Құжаттарды алған кезде біз өз талаптарымызды, оның ішінде, қазақстандық қамтуды қалыптастыратын боламыз, - деді С.Мыңбаев.
Естеріңізде болса, KAZENERGY кеңес отырысында ТШО үшін тауарлар бойынша қазақстандық қамтудың бар жоғы 4% екендігі мәлім болды.
ККЖ қатысты Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің де маңызды талаптары бар, өйткені олар экологиялық сараптамаға ұсынылған жобалық құжатқа бұдан бұрын да келісім беруден бас тартқан болатын («Қоршаған ортаға әсерді алдын-ала бағалау» және «ККЖ құрылыс нысандарындағы ТЭН (техникалық-экономикалық негіздеме)».
Осы жылдың 31 қазанында Астанада осы жоба бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманың сараптамалық кеңесінің отырысы болды. Өкінішке орай, жергілікті экологтар Қоршаған ортаны қорғау министрлігінен хабардың кешігіп келуіне байланысты жиынға қатыса алмай қалды. Бірақ, бейресми ақпарат көздерінен белгілі болғанындай, бұл мәжілісте де жоба тағы мақұлданбай қалды. Шындығына келсек, біз ТШО-ның осынша қысқа мерзім ішінде аса маңызды жобаны жасақтап, сараптамаға қайтадан ұсынып үлгергендігіне таң қалдық. Кеңеске қатысушылардың хабарлағанындай, мұнай компаниясының таныстырылымы нашар өтіпті.
Еске сала кетейік, ККЖ бойынша мемлекеттік сараптамашылар атап өткен кемшіліктер арасында жобаның баламалы нұсқасы болған жоқ; ауданның сейсмикалық бағаланбауы (жоба бойынша бар жоғы 5 балл), оның ішінде техногенді сипаттағы жер сілкіністерінің ықтималдығы бар; Каспий теңізі акваториясына ККЖ нысандарының жағымсыз әсерінің мүмкіндігі; Каспий теңізінің қорықтық бөлігіне ірі көлемдегі жүктер мен модульді теңіз тасымалының әсер етуін баға-лаудың жоқтығы белгілі болды.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА