Атырау, 28 қараша 03:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Үнемдеген ұтады

3 535 просмотра

«Атырау су арнасы» КМК мен табиғи монополияларды реттеу агенттігінің департаменті биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап су мен канализация қызметінің тарифтері қымбаттайтындығын хабарлады. Нақтырақ айтсақ қосымша құн салығын (ҚҚС) қосқанда 1 текше метр үшін шамамен 3 теңгеден болады деп жоспарланған тарифтен асады. Ал мекемелер үшін шамамен 18-20 теңгеге қымбат.

«АЖ»-ның өткен нөмірінде жарияланған материалда («Сәуірде су қымбаттайды») қосымша құн салығынсыз «АСА» қызметінің бағалары берілді. Ал сәуір айында келетін түбіртекте қосымша құн салығын қосқанда мынадай болады:  

Су. Нормадан артық тұтынбайтын жеке тұлғалар үшін (айына бір адамға шаққанда 3 текше метр) – бір текше метрге 28 теңге. Нормадан артық пайдаланатындарға және әлі есептегіш орнатпағандарға – текше метр үшін 32,48 теңге. Қазандықтар үшін – текше метрге 92,96 теңге, бюджет мекемелері мен басқа заңды тұлғалар үшін – текше метрі 168,56 теңге.

Канализация. Халық үшін – текше метрі 26,88 теңге, бюджет мекемелері мен жылу қазандықтары үшін – текше метрі  40,32 теңге. Басқа заңды тұлғалар үшін – текше метрі 51,52 теңге.

Әйелдер мерекесі қарсаңында өткізілген Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінің алқасында (бұған «АЖ» тілшілерін шақырған жоқ) тарифтер мәселесі талқыланды.

Департамент басшылығы «Құрманғазы ауданының Ақкөл селосында 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап дифференцияланған тарифтер енгізілгенін, олардың Атырауға қарағанда анағұрлым жоғары» екендігін алға тартты.

Ақкөлдіктер кәсіпкер «Есенаманова» ЖК-ге су үшін айына бір адамға шаққанда 2,8 текше метр нормамен төлейді. Үнемдегендер – текше метр үшін 38,5 теңгеден, ал нормадан асып кеткендер – текше метр үшін 57,8 теңге төлейді.

Жалпы дифференциалдық тарифтерді енгізудің экономикалық әсері облыс бойынша өткен жыл ішінде 1 млн теңге немесе 22 570  текше метр құраған. Айтпақшы, электр энергиясына тәулік аймағы бойынша дифференциалдық тариф енгізу жөніндегі жылдық әсер 79,6 млн теңге, электр энергиясын тұтыну көлемі бойынша халыққа арналған тариф 64 млн теңге құрады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

14 наурыз 2012, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.