Атырау, 28 қараша 07:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Бюджеттің бүйірі шығады

1 855 просмотра

Әкім бүркемелі салықтар есебінен қалалық бюджетті көбейтуді қолға алды. Қалалық мәслихаттың ІІІ кезектен тыс сессиясында 2012 жылдың бюджеті талқыға салынды. 10-15 жыл бұрын бұл мәселе қызу талқыға салынатын еді, дейді журналист әріптестерім еске алып. Ал қазіргі депутаттар күн тәртібіндегі әр мәселе бойынша мандаттарын бірауыздан көтере,  өздерін өте салмақты ұстайды екен.

Қалалық қаржы бөлімінің бастығы Гүлжамал ТАҒАНБАЕВАНЫҢ айтуынша, Атыраудағы бюджеттің кіріс бөлігі өткен жылы 46,5 млрд теңгеге орындалған. 14,8 млрд теңге бюджеттік өндіріп алу түрінде облыстық бюджетке аударылды.

Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі-нің бастығы Әлсейіт САБЫРОВТЫҢ айтуынша, биылғы жылы, атап айтқанда, тұрғын үй құрылысына 2,5 млрд теңге, қоқыс контейнерлерін сатып алуға 70 млн теңге, Нұрсая ықшам ауданындағы жылумен қамтуға 20 млн теңге бөлу жоспарланған.

Қала әкімі Асқар КЕРІМОВ «Арнаулы автобаза» КМК үшін жетіспейтін қоқыс жинайтын машиналар мен вакуумдар сатып алынатындығын хабарлады. 3,5 млрд теңге көлік жолдарын салуға жұмсалады. Атауы өзгертілген 500 көшені қайта рәсімдеуге және Береке ықшамауданынан (бұрынғы Память Ильича) жер учаскелерін бөлуге қаржылар бөлінеді.

Керімов сондай-ақ, салық салынатын базаны кеңейту есебінен бюджетті едәуір толықтырмақ екендігін мәлімдеді. Атырауға Алматыдан мамандар арнайы шақырылып, оларға компьютерлік бағдарлама жасақтап, оған қаладағы жалға берілетін барлық коттедждерді, пәтерлерді, сондай-ақ, бүкіл автокөліктерді енгізуге тапсырма берілген. 

– Таяуда өткен кеңестердің бірінде алып коттедждер туралы мәселе көтерілді. Ол күлкілі сомаға, мәселен, 2 мың долларға бағаланған. Осындай үйлерге инвентаризациялау жүргізілетін болады. Салық салынатын базаны кеңейту жөнінде үлкен жұмыстар өткізу керек. Ол үшін бір бөлім ұйымдастырылатын болады. Мұның қаншалықты салмақты екенін түсіну үшін айтарым: осы шара есебінен біз 2012 жылдың қорытындысы бойынша қосымша 9 миллиард теңге жинауды жоспарлап отырмыз,- деп мәлімдеді А. Керімов.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

5 сәуір 2012, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.