Атырау, 28 қараша 05:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Пайыздар төмендетілді

1 949 просмотра

2 сәуірден бастап Ұлттық банк басқармасы ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін  жылдық 6,5% деңгейінде белгіледі.

Соңғы рет ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі  2012 жылдың 14 ақпанында өзгерді. Онда ол жылдық 7,5 пайыздан пайызға  дейін төмендетілген еді.

– Ұлттық банк  6,5% мөл-шерлеме бойынша екінші деңгейлі банктерге займдар береді, сол бойынша өсімдер мен сот органдары салған айыппұл санкциялары есептелетін болады,- дейді Ұлттық банктің Атырау филиалының статистика және экономикалық талдау бөлімінің жетекші маманы Асхат ЕРМЕКОВ. Мамандардың пікірінше, қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің төмендеуі барлық қаржы жүйесіне қатысты болмақ, оның ішінде несиелер бойынша мөлшерлемелерді төмендетіп, депозит мөлшерлемелерін арттыруы тиіс. Алайда, екінші деңгейлі банктердің әрқайсысының өз саясаты бар, сондықтан да оған еш кепілдік жоқ.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

4 сәуір 2012, 18:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.