Аймақтық дамытуға арналған жаңа қадамды Қазақстанның Бас сызбасы нақты түрде бекітпек. Тоқырауға ұшыраған аймақтардан адамдар үкімет болашағы бар деп таныған аймақтарға көшетін болады. Алайда, халқының саны жағынан әлемде тоғызыншы орын алатын, немесе бар болғаны, бір мегаполиске тең келетін біздің еліміздегі мұндай саясат әлеуметтік және экономикалық жағынан алып қарар болсақ, құлдырауға соқтыруы мүмкін.
Ел белдікке бөлінбек
Қазақстан аумағын ұйымдастырудың Бас сызбасы үшін бюджеттің 3 млрд теңгесі шығындалады. Мұндай цифрды ТКШ және құрылыс істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Жандос ӘКІМЖАНОВ атады. Бұл сызбаның бір ғана тұжырымдамасының дайындалуына 100 млн теңге бөлінді. Айтпақшы, оны ТКШ және құрылыс істері жөніндегі агенттіктің ведомствалық құрылымы болып табылатын «ҚазҒЗЖЭСҚСИ» РМК («Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық сейсмикаға төзімді құрылыс пен сәулет институты») жүзеге асырады. «ҚазҒЗЖЭСҚСИ» РМК төрағасы Тұрлыбек МҰСАБАЕВ таяуда бас сызбаның негізіне айналған идеяны жария етті. Олар әлі де болжамды күйде болғанмен, дұрыстап ойлануға мәжбүр етеді. Атап айтсақ, жобалаушылардың ойынша, біздің кең байтақ еліміздің аумақтық-кеңістіктік дамуының «өсу нүктелері» бар-жоғы төрт-ақ қала: Алматы, Астана, Шымкент және Ақтөбе. Неліктен? Өйткені, айтылып жүргендей, «Алматы және Шымкент еліміздің оңтүстік «күн белдеуінде» , ал, Астана мен Ақтөбе – солтүстікте «өнеркәсіп белдеуінде» орналасқан. Ондай өсу нүктелерді таңдау экономикалық мүмкіндікке байланысты болады. «Күн белдеуінде» басымдық агроөнеркәсіпті кешенге беріледі, ал, «өнеркәсіпті белдеуде» тиісінше – аумақты қарқынды өнеркәсіп тұрғысында игеру.
Бұл дәлелдер шындықпен аса жанаса бермейді. Өйткені, ауылшаруашылығында басты рөлді дәнді-дақылдар алып отыр. Астық пен дәнді-дақылды экспорттау бойынша біз әлемдік көшбасшылар қатарында келеміз, ал, көкөніс пен жеміс-жидек бойынша ешқашанда алдан көрінбейтіндігіміз анық. Осы дәнді-дақыл сол солтүстік аймақтарда өсірілмей ме?! Өнеркәсіпке келсек, мұнай-газ секторындағы өндірістің басым үлесі солтүстікте емес, республиканың батыс облыстарының еншісінде. Демек, «белдіктер теориясы» өсу нүктелерін таңдау үшін жеткіліксіз. Әділдік үшін айтар болсақ, «үлкен төрттік» ретінде Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбені таңдау – бас сызбаны жасаушылардың жаңа бастамасы емес. Оларға дейін бұл идея үкіметте, яғни, «Аймақтарды дамыту» бағдарламасын кім жазды соларда болды. Ол өткен жылы жазда бекітілді. Онда жетекші шоғырландырушы дәл осы төрт қала болды деп жазылған. Неге олай деп шешкендері – мүлдем түсініксіз.
Бірақ оның түпкі ойы - Қазақстанды үлкен бір қалаға айналдыру. Онда Астана - әкімшілік орталық болса, Алматы – іскерлік және мәдени аудан, Шымкент – сауда орталығы, Ақтөбе – вокзал. Оларда өмір қыз-қыз қайнауда. Ал, қалғандары – бұлар жарқын болашағы жоқ, проблемалы шеткі аудандар.
Шөлейттегі мегаполис
2020 жылға дейінгі елімізді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды сызбасында (бізде осындай да құжат бар) төрт аймақ – Алматы, Астана, Атырау және Қарағанды облыстарының - бүкіл еліміздің ішкі жалпы өнімінің жартысына жуығын қамтамасыз еткендігін мойындайды. Негізгі инвестицияларды осы аймақтарда жүргізіп жатыр. Сонда неліктен Атырау мен Қарағанды өсу нүктелері тізімінен түсіп қалған? Және тағы да олардың тізіміне енуге үміткер ірі өнеркәсіп орталықтары Павлодар мен Өскемен, мұнайлы-газды және порт қала Ақтау бар.
Дегенмен, істің мәні «өсу нүктелерінің» әділ таңдалмауынан да емес. Мәселе басқада: жалпы оның қажеттілігі бар ма? Соңғы уақытта Қазақстан теориясында аймақтарды маңызды және орташа деп бөлетін идея қалыптасып кетті. Олардың бірін басымдық тәртіп бойынша дамыту керек. Түрлі мемлекеттік құжаттарда оларды «өсу қарқыны бар», «өсу нүктелері», «экономикалық өсу орталықтар» деп атайды. Басқалары, барынша әлсіздері олардың соңынан ілесуге тырысады. Ал, тоқырауға ұшыраған аймақтар деп аталатын үшінші топтағы халықты қалай болғанда да көшіру керек.
Мұндай әрекет барған сайын қарқын ала бастауда. Іс жүзінде ол аймақтық саясаттың ресми идеологиясына айналып барады. Ол ресурстардың барлығына жетпейтіндігінен және оған бола бюджеттік ақшаны дағдарысқа ұрынған аймақтарға жұмсау тиімсіз. Бізге төрт мегаполистің керегі не? Екеуі де - Астана мен Алматы жеткілікті. Басқа елді-мекендердің жалпы керегі не? Солтүстік және оңтүстік екі астанада 8 млн адамнан тұрмақ. Тағы да миллион қазақстандық екі мегаполистің айналасында азық-түлік белдеуін құрайтын болады. Қалай болғанда да «Мегалықтарды» біреудің асырауы керек қой. Олар сөйтіп, еліміздің қалған аумақтары айналған шөл далада жарқыраған оттардай болады. Керемет...
Шенеуніктерге төрт өсу нүктесі жеткілікті
Ең бір оғаштығы сол Қазақстанның «өсу нүктелерінің құрылысы» бұдан бұрын жүзеге асырыла бастаған басқа мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға қарама-қайшы келеді. Біз жарты миллион халқы бар Алматыны спутник-қала етіп құру, одан кейін миллионшылардың бірі болуға тиісті Ақтау-ситидің құрылысы, Қоғаста жаңа сауда қаласын және Каспийдегі жаңа Құрық портты қаласын құру туралы жарияладық. Әрбір үлкенді-кішілі қалалар өздерінің бас жоспарларын жасады және олардың әрқайсысы мегаполис қала атануды армандайды. Біз селолық инфрақұрылымға, мектеп пен аурухана құрылысына көп ақша жұмсадық. Және тағы да көп қаржы үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасына салынды. Бағдарлама аясында индустрияландыру картасына барлық аймақтардағы нысандар енді.
Міне, енді келіп былай деп мәлімдейміз: басымдық төрт «өсу нүктесі» деп аталған аймақтарға, яғни, ірі шоғарлану пайда болатын аумақтарға беріледі. Ал, қалған басқа мегаполиске халықты қайдан аламыз? Болашағы жоқ деген аймақтарға қанша ақша салынды? Шенеуніктерді аймақтардың біркелкі даму принципінің неге көңілдеріне жақпайтындығы түсініксіз? Иә, сонау кеңестік дәуірде қалыптасқан облыс араларындағы бұрынғы баланс экономиканың бұрынғы құрылымымен бірге өзгеріп кетті. Өнеркәсіпті өңдеуші қалалардың рөлі төмендеді, мұнай-газ индустриясы, сауда және логистикасы дамыған қалалардың маңызы артты. Алайда жалпы барлығы бұрынғысынша қалды – барлық аймақтардың болашағы бар. Және оның бәрі шенеуніктердің «қалауына» емес, экономикалық жағдайға байланысты болады. Аймақтардағы өзгерістер экономикадағы өзгерістерден туындайды. Ал, олар болса барған сайын ақылға сыйымсыз болып барады. Үкімет Қазақстан аумағын ұйымдастыру Бас сызбасын 2013 жылы бекітуді көздеп отыр. Дегенмен, сол уақыт ішінде, яғни оған қол қойылғанша, ескіріп те кетуі мүмкін. Әлемдегі экономикалық дамыған аймақтарға қоныстандыру секілді жобаларды ескере отырып, аймақтарды дамытамыз деген шенеуніктердің жорамалдары алысқа апармайды. Егер біз қолдан «экономикалық орталықтарға» адамдарды тоғытатын болсақ, ал, ертеңгі күні экономика өзгерген жағдайда адамдар қайда кетеді?
Астанадан шалғай ауылға дейін
Бұған экономикалық мүмкіндіктерін қайта бағалаған Жаңаөзен мысал бола алды. Барлық белгілері бойынша бұл «экономикалық орталықтардың» бірі. Өйткені, онда мұнай және газ өндіретін және оны тасымалдаумен айналысатын кәсіпорындар бар, ал, жақында Түркіменстан және Иран бағытындағы халықаралық теміржол ашылады. Алайда, қалаға халық көп келді де нәтижесінде ол экономикалық жағынан да әлеуметтік жағынан да проблемалы қалаға айналды.
Шынында да көші-қон легімен келген және олар үшін жұмыс орны жоқ адамдардың топталуынан қашу үшін немен және қалай басқару керек? Ал, үкімет болса, өзінің жаңа аймақтық саясатында, керісінше, халықты мегаполистерге тоғытқысы келеді. Бізге бірнеше Жаңаөзеннің керегі не? Жалпы адамдардың басқа аймақтарды тастап кету есебінен миллион халқы бар қалалардан бірнеше мегополистерді құру идеясы Қазақстанда бас қатыратын мәселеге айналды. Әйтседе қоныстану принципінен еліміздің тіпті шағын аумақтары бой тасалауда. Ал, ол біздің кең аумақты аймақтарымызда тиімсіз.
Үкімет жай ғана айналасына көз тастауды ұмытып, «қалаға шоғырландыруды» құру туралы тәтті қиялға бой алдырған. Қазақстанда 2 млн 724 мың шаршы метр алаңда 17 млн адам тұрады, ол Токио, Мехико, Каир, Дели, Шанхай, Карачи секілді бір қаланың ғана халқымен бірдей. Бізге мегаполистердің қажеттілігі қанша? Әлде біз елдің оңтүстігінде әлемдегі ең ірі 42 млн халқы бар қалалық шоғырлануды құрмақ боп отырған Қытаймен бәсекеге түспекпіз бе?
Біздің шыққан тегіміз бен тарихи қалыптасқан қоныстану тәсіліміз бізге аумаққа қоныстануды міндетті түрде сақтап қалуымызға мәжбүрлейді. Ауылдар мен поселкелердің жоғалу процесін тоқтатудың орнына біз оны қолпаштап қоямыз. Оларға көп нәрсенің керегі жоқ: қарапайым ғана әлеуметтік жағдайды туғызу, қолайлы жолдарды салу, ауылшаруашылық өнімдерін сатуға қиындық туғызбау. Қалғанын кәсіпкерлік бастаманың өзі ретке келтіреді. Бізде дәл осы мақсаттар үшін көп ақшалар құйылды, алайда оның бәрі мүлдем топыраққа сіңіп кеткендей жоқ болды, енді келіп оның орынын аймақтар тоқырауға ұшырады дегенмен жуып-шаймақшы. Негізсіз шығындалған бюджет қаржысын біз мүлдем ол жерлерден іздемеуіміз керек!
Шындығында, мұндай дәлелдер шенеуніктерге нашар әсер етеді. Оларға жағдайдың түсінікті болуы үшін олардың коттедж үйлеріндегі жарықты айырып, суды тоқтатып, жүрер жолдарын қазып тастау керек. Және содан кейін олардың күйзеліске түсіп, көп қабатты тыныш аудандағы «өсу нүктесіне» көшуді қалай ма, соны қарауға болады...
Сағит ОСПАНОВ, экономикалық сарапшы, Астана
Суретті түсірген Вадим БОРЕЙКО