Атырау, 11 қараша 02:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Біздің табаққа қол салушылар көп

2 892 просмотра

Бүгінгі таңда Атыраулық еңбек нарығын еліміздің көптеген аймақтарынан және әлемнің түкпір-түкпірінен келген өкілдер құрап отыр. Теңіз және Қашаған өзіне сырттан келгендерді жинады.

 

Квоталар және жеңілдіктер

Шетелдік мамандарға келетін болсақ, үкімет бекіткен ҚР облыстар арасындағы еңбек квотасын бөлу кестесі бойынша  Атырау облысының жұмыс берушілері өткен жылы жұмысшыларды жұмысқа тартуға (рұқсат беру және ұзарту) рұқсатты 13,5 мың шетелдік үшін өтініш берген. Әр облыс үшін квота 2011 жылы халықтың экономикалық белсенділігінің 0,85% арақатынасына сәйкес бекітіледі.

13,5 мың шетелдіктің біздің аймаққа алыс-жақын шетелдерден 1-ші және 2-ші санатты (басшылар және инженерлік топтар) 10 мыңдай мамандары келуге тиісті болатын. Қалған 3,5 мыңы – жоғары білікті жұмысшылар. Біліктілігі жоқ 4-ші санат бойынша шетелдік-жұмысшылар тіптен жұмысқа тартылған жоқ. Осылай деп облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы растап отыр. Осы ақпарат көзінің хабарламаларына сәйкес, өткен жылы шетелдіктер бойынша берілген өтініштер толық көлемде игерілген жоқ. 13,5 мың адамның орнына, облыста ресми түрде 7 мың шетелдік жоғарыда аталған санаттар бойынша жұмыс жасады. Шетелдіктер легінің қысқаруының басты себебі Қашаған жобасындағы негізгі жұмыстардың аяқталу және Теңіз зауытын болашақта кеңейту жобасы мерзімінің өзгертілуіне байланысты болды.

Алайда, бұл тыныштық уақытша ғана. Жуық арада бізге тағы да шетелдіктердің легі ағылатын болады. 2011 жылғы 19 маусымдағы №836 Үкімет қаулысының  (Квотаны белгілеу, рұқсат беру талаптары мен тәртіптері жөніндегі ережені) 19-1 тармағында қазақстандықтардың пайдасына 90% 10%-дық арақатынасы  бойынша сақталуы керек деп жазылғанмен, үш ірі жобада бұл арақатынастар сақталмайды. Өткен жылдың аяғында үкімет ережеге 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін жер қойнауын пайдаланушылар -Қарашығанақ, Солтүстік Каспий және Теңіз жобалары, сондай-ақ, олардың операторлары, мерді-гер, қосалқы мердігер ұйымдарға қатысты 19-1 тармақты қолданбау туралы қосымшалар енгізді. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында, бүгінгі таңда біздің аймақта қазақстандық және шетелдік мамандардың орташа пайыздық арақатынасы – 78-ден 22 пайыз екендігін мәлімдеді.

 

Кедендік одақпен келген бәсекелестер

Барлық жоғарыда айтылғандар мемлекеттің кадрларды ұлттандыру саясаты аясында саны жағынан ұдайы қысқарып келе жатқан алыс шетелдерден келетін шетелдіктерге қатысты. Кедендік одақ енгізілгеннен кейін жұмыссыз атыраулықтарда жақын шетелдерден келген бәсекелестер пайда болады. 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей мен Беларуссиядан келетін еңбек мигранттары үшін жұмысқа рұқсат беру және оларды саны жағынан шектеу алынып тасталынды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда бүгінгі күні РФ шамамен 1 мыңдай азаматы және Беларуссияның шамамен 100 азаматы (Ресейде шамамен 10 мың қазақстандық еңбек етеді) жұмыс жасайды. Әрине, бұл тек бастамасы ғана. 

 

Жатақхана үшін күрес

Атырау облысы үшін тағы бір өзекті мәселе – ол еліміздің басқа аймақтарынан келгендер санының көп болуы. Жергілікті билік жергілікті кадрларды Теңіз (Екінші тынысты зауыт құрылысы жылдарында) және Қашаған жобаларына жұмысқа орналастыру мәселесінде әкімшілік ресурстарды қолдануға маңыз беруі керек. Жобаларды аяқтаған адамдар басқа жұмысқа орналасқанмен, кез-келген құрылыс қалай болғанда да аяқталады ғой. Осындай бәсекелестік туып отырған жағдайда жергілікті кадрлар жаңа жобалардан жұмыс таба ала ма? Бұл жерде көбіне жұмыс берушінің ұстанымына байланысты болады, өкінішке қарай, олардың көбі жергілікті кадрларға  көңіл бөле бермейді. Бұған таяуда ғана жұмыс берушісі - «ТШО» ЖШС және Аджип ККО мердігері «КСБ-Групп» күзет фирмасында орын алған еңбек дауы мысал бола алады.  Олар өз жұ-мысшыларын тұрғын-жайлармен және олардың тұратын жерінен жұмысына баратын көлікпен қамтамасыз ете алмаған. Кейін фирма күзетшілерінің 70% жуығы аудан және Батыс Қазақстан облысының тұрғындары екендігі анықталды. Өйткені, олар атыраулықтарға қарағанда 70 000 теңге еңбекақыға келіседі. Күзетшілер бірнеше жылдар бойы қойма ішінен баспана жалдап келген. Ал, кейін еңбек департаментіне шағымданған, олардың өздерін баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын заңды деп таныды. Жақында бұл компания өз қызметкерлері үшін 250 адамға жатақхананы жалға алды. Сөйтіп, ол бір адам үшін тәулігіне 3 000 теңге төлейді. Жұмыс берушінің  жатақхананы жалдау ақысына қанша миллиондар жұмсайтындығын есептеу үшін экономист болудың қажетілігі жоқ. Ал бұл қаржыға Атыраудан күзетші-лерді жұмысқа алып, олардың еңбекақысын көтерген тиім-дірек болған болар еді. Бізде жұмыссыздар жетерлік және күзетшілерді дайындау үшін облыстық жұмыспен қамту басқармасында сендіргендей ресурстар бар көрінеді.    

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

22 ақпан 2012, 21:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.