Атырау, 10 желтоқсан 17:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

БТА Банк: дүрбелеңге салған дефолт

3 566 просмотра

Ірі қазақстандық банк қиын жағдайдан шыға ала ма?

Қазақстандағы ең ірі банктердің бірі – БТА Банкі өзінің ауыр күндерін бастан өткеруде. Ол қиындыққа төтеп бере ала ма, жоқ па - 26 қаңтарда ғана белгілі болады. Бұл күні банктің сыртқы инвесторлардың алдындағы қарызын қайта құрылымдау жөнінде күрделі келіссөздер өткізу белгіленген. Банк несие бойынша пайыз төлеу жөніндегі кредиторлар алдындағы өз міндеттемелерін орындамаған (мерзімі 2012 жылдың 1 қаңтарында өтіп кетті) және жұма күні, 20 қаңтарда оған дефолт жарияланды. Алайда өткен аптаның басында банк банкротқа ұшырады деп сенімді түрде айтылып... атыраулық компания бухгалтерлері өз қызметкерлеріне басқа банктерден еңбекақы кәртішкелерін ашуға кеңес берген.

ЕңбекақыларыБТА Банктің кәртішкесіне аударылып жүрген Қарабатанда жұмыс жасап жатқан «Аджип ККО»-ның мердігер компаниясы «PSN Казстрой» қызметкерлеріне «РБС» банкі-нен жаңа кәртішке аштыру туралы жеке-жеке өтініш әкелуге бұйрық берілген:

- Алайда жұмысқа қабылдар кезде қазіргі кәртішкелерді бізге компанияның өзі берген еді, - дейді олардың бірі.

Іс жүзінде банк банкротқа ұшырады деп ешкім де жариялаған жоқ, бірақ жағдай шынымен де ширыққан күйде. «БТА банк» АҚ Атырау филиалының директоры Айгүл ЕРҒАЛИЕВА филиал клиенттерінің арасында дүрбелең жоқ екендігін растап отыр.

- Жоспарланған қайта құрылымдау – бұл 2010 жылы қайта құрылымдау аясында банк шығарған құнды қағаздар бойынша шарттардың өзгеруі, - дейді ол. – Бұл процесс банктің ағымдағы операциялық қызметіне ешқандай әсерін тигізбейді. Біз өзіміздің кредиторларымызбен қарыз бойынша қызмет етудің жаңа шарттары жөнінде келісім жасағымыз келеді. Біздің өз есеп-шотымыздан төлеуден бас тартпайтынымызды, төлемдердің жаңа шарттарын жасауды ұсынып отырғанымызды түсіну маңызды. Түптеп келгенде мұның банктің өзіне де, оның акционерлеріне де, кредиторларына да, сондай-ақ, клиенттер мен мемлекетке де пайдасы тиетіндігіне сенімдіміз. Бұл баршасы үшін ұтымды процесс.

2010 жылы банк капиталына 6 млрд доллардай инвестиция салған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ 81,48 пайыз акциямен банктің негізгі акционері атанғанын, ал қалған 18,5 пайызы кредиторларға (бұлармен БТА тағы да есептесе алмай отыр) тиесілі екенін ескерсек, бір қаржылық кәсіпорынның қосалқы қожайындары өзара келісімге келіп, банк сақталып қалады деп үміттенеміз. 

Банк 2009 жылы дефолтқа жол берілгеннен кейін өз қарызын қайта құрылымдауды бастан өткергенін еске саламын. Бірінші қайта құрылымдауда кредиторлар барлық өтелмеген талаптардан бас тартып, оның орнына қолма-қол ақша, банк акциялары мен оларда қайта шығарылған облигацияларды алу арқылы жүзеге асырылған.

Қайта құрылымдау нәтижесінде банктің қарызы 12,2 млрд-тан 4,4 млрд-қа дейін азайды, оны өтеу мерзімі 20 жылға дейін ұзартылды.

БТА Банктің директорлар кеңесінің төрағасы Әнуар САЙДЕНОВ2012 жылдың 10 қаңтарынан бастап банк инвесторлармен кездесіп, Сингапурда, Лондонда және Нью-Йоркта таныстырылымдар өткізеді деп мәлімдеді. Банк өз активтерінің бір бөлігін: Sekerbank T.A.S. түрік банкіндегі үлесі мен «ҰларҮміт» зейнетақы қорын саттыққа шығарып қойыпты деген ақпарат бар. Алайда, тіпті ол сатылса да жиналып қалған қарызды бұл сома жаба алмайды, деп есептейді экономистер.

Айгүл Ерғалиева БТА-ға басқа банкке қосылу қаупі төніп тұр деген ақпаратты теріске шығарды:

- БТА-ны басқа қазақстандық банкпен біріктіреді деген ақпарат шындыққа сай келмейді және дұрыс ақпарат емес, - деп сендіреді ол. – Бұл туралы БТА Банктің бас акционері – «Самұрық-Қазына» қоры мен реттеуші тұлға ретінде ҚР Ұлттық банкі де мәлімдеді. Атап айтқанда, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ ресми сайтында қордың БТА-ны қандай да болмасын басқа қазақстандық банкпен біріктіру жоспары жоқ екендігі хабарланған (http://www.sk.kz/faq/10 қараңыз). Мұны Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бисенғали ТӘЖИЯҚОВ 2012 жылдың 18 қаңтарында сенаттың пленарлық отырысында депутаттар сұрақтарына жауап бере отырып, растаған еді. Ол: «БТА-ның басқа қазақстандық банкпен бірігу мәселесі күн тәртібіне қойылған жоқ», деп атап өтті.

- Бүгінгі күні банктің ахуалы қандай? Атыраулық филиалда клиенттердің жылыстауы, депозиттерді қайтарып алу және басқа да қаржылық операцияларды тоқтату орын алып жатқан жоқ па?

- Клиенттердің жылыстауы мен депозиттерді қайтарып алу процестері болып жатқан жоқ. Керісінше, желтоқсан айында БТА Банкі депозиттер түсімін тіркеді. Бұл Қазақстанның 20 жылдығына орай «Юбилейный» депозиті бойынша акция өткізуге сеп болды. БТА Банкі республикада жеке және заңды тұлғалардың депозиттік базасының (тиісінше 305 млрд және 463 млрд теңге) көлемі бойынша коммерциялық банктер арасында төртінші орынды алып отыр. Бұдан басқа, кейбір мемлекеттік бағдарламалар бойынша БТА басқа банктерден озық тұр. Мәселен, «Бизнестің жол картасы» бойынша БТА Банкі клиенттерден қабылданған өтінімдер саны бойынша көшбасшы болып отыр. 2011 жылдың қорытындысы бойынша осы бағдарлама аясында қаржы институты жалпы сомасы 39,6 млрд теңге мөлшерінде 277 өтінім қабылдаған. Мұның бәрі клиенттердің банк менеджменті мен банк акционері – «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорына сенім білдіретіндігінің тағы бір айғағы. 

- БТА-ның жұмыс орны мен бөлімшелерінің қысқаруы мүмкін бе?

- БТА Банкі халық пен бизнеске банк қызметінің барлық түрлерін көрсетеді. Банкте депозиттер, несиелер, ақшалай аударымдар мен төлемдерге қатысты операциялар көрсетіле береді.

БТА Банкінің филиал торабы еліміздегі ірі банктердің бірі боп табылады. Оның бүкіл Қазақстан бойынша 22 филиалы мен 220 бөлімшесі бар. Банк тек шығын келтіретін бөлімшені ғана жауып, жаңа нүкте ашу үшін анағұрлым қолайлы және тартымды орын іздейді.

 

2011 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында БТА 203,824 млрд теңге (1,375 млрд доллар) мөлшерінде таза шығынға ұшырады. Есепті кезеңдегі банк капиталының тапшылығы үш еседен асып кетті - 318,613 млрд теңгеге дейін (2 млрд доллардан астам).

Қыркүйек айында банк менеджменті 15 млрд доллар корпоративтік қарыз портфелінің жалпы көлемінің 13,75 млрд-ы проблемалы қарыз боп табылатындығын хабарлады.

25 қаңтар 2012, 23:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.