Атырау, 30 наурыз 18:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92

Оқиға

Сағыздағы кісі өлімі: кінәлі қатаң режимде 11 жыл жаза алды Оқиға

Сағыздағы кісі өлімі: кінәлі қатаң режимде 11 жыл жаза алды

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кісі өлтірді, бұзақылық жасады және заңсыз қару сақтады деп айыпталған Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының үш тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл іс «AЖ» оқырмандарына «асаба ісі» ретінде танымал. 15 тамыз 2019, 16:50 5 767 рет қаралды
Енді қамауға алуды кім шешеді? Оқиға

Енді қамауға алуды кім шешеді?

Атырауда мамандандырылған тергеу соты іске қосылғалы жыл өтті. Осы сот орнының  төрағасы Бақытгүл ДҮЙСЕБАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, тергеу сотының жұмысы судьялар мен прокурорлардың артық жүктемесін айтарлықтай төмендетті. Әңгіме барысында Дүйсебалиева тергеу изоляторларындағы кейбір сотталушылар неліктен 2 айдан астам уақыт өткізетінін түсіндірді. 6 тамыз 2019, 17:09 6 006 рет қаралды
Оқытушылар «жалған» дипломмен жұмыс жасаған Оқиға

Оқытушылар «жалған» дипломмен жұмыс жасаған

Атырау облысы прокурорларымен жүргізілген тексеру нәтижесінде Мақат ауданының мектептерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру ісінде бірнеше заңбұзушылықтар анықталды. Сонымен қатар, екі мұғалімнің «жалған» дипломмен мектепте жұмыс жасағаны белгілі болды.  6 тамыз 2019, 15:36 3 813 рет қаралды
Алаяқ әйел мұнай саласынан жұмыс тауып беруге уәде берген Оқиға

Алаяқ әйел мұнай саласынан жұмыс тауып беруге уәде берген

№2 Атырау қалалық сотында Махамбет ауданы Алға ауылының 45 жастағы көпбалалы тұрғынына үкім шығарылды. Ол мұнай саласына жұмысқа кіргізуге уәде беріп, адамдардан ақша алып отырған. 3 тамыз 2019, 11:29 3 800 рет қаралды
«Приора» мінген желікпе рекордтық айыппұл төлейді Оқиға

«Приора» мінген желікпе рекордтық айыппұл төлейді

31 шілдеде Атырауда полицияның патрульдік қызметкерлері ереже бұзушылықтар бойынша рекорд орнатқан ресейлік мемлекеттік нөмірі бар «Приора» көлігінің 31 жастағы жүргізушісін тоқтатты. «Кордон-М» радарлық кешені желікпе жүргізушіге тиесілі жылдамдықты арттырған 43 фактіні тіркеді. 1 тамыз 2019, 16:57 4 017 рет қаралды
«Рысқалиевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының» тағы бір мүшесі жазаланды Оқиға

«Рысқалиевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының» тағы бір мүшесі жазаланды

25 шілдеде Атырау қалалық №2 сотында «BNB Construction» ЖШС директоры Бауыржан ТЕМІРАЛИНГЕ қатысты сот отырысы аяқталды. Тергеу жорамалы бойынша, Теміралин Атырау облысының экс-әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ сыбайласы бола отырып, 2008 жылдың шілдесі мен 2009 жылдың тамызы аралығында облыстық және республикалық бюджеттен 2 миллиардтан астам теңге қаржы ұрлаған. Соңғы сот отырысы туралы толығырақ «АЖ» мақаласынан оқыңыздар. 30 шілде 2019, 18:52 4 237 рет қаралды
Офицер есірткілі фломастер үшін жазаланды Оқиға

Офицер есірткілі фломастер үшін жазаланды

Атырау қалалық №2 соты ҚК-нің 296-бабының 2-тармағы (есірткілік заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, сақтау, тасымалдау) бойынша айыпталған ерлер түзету колониясы (УГ-157/9 мекемесі) жасағының бастығына қатысты үкім шығарды. 25 шілде 2019, 10:43 3 428 рет қаралды
Басылсайшы, бауырым Оқиға

Басылсайшы, бауырым

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты немерелес бауырына ұрыс-керіс кезінде пышақ салып өлтірген азамат Е.И.-ға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-тармағы бойынша (кісі өлтіру) үкім шығарды. 11 шілде 2019, 14:41 4 017 рет қаралды
Аса ірі мөлшердегі есірткі үшін 11 жыл жаза алды Оқиға

Аса ірі мөлшердегі есірткі үшін 11 жыл жаза алды

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-тармағының 3-тармақшасы (Аса ірі мөлшердегі есірткілік заттарды өткізу) бойынша айыпталған азамат К.-ға қатысты үкім шығарды. 1 шілде 2019, 13:34 3 604 рет қаралды
Атырау тұрғыны Самара кеденінде 50 мың еуромен ұсталды Оқиға

Атырау тұрғыны Самара кеденінде 50 мың еуромен ұсталды

Былтыр 25 жастағы Атырау тұрғыны Самараның халықаралық әуежайында (РФ) Чехиядан үйіне әкеле жатқан, декларацияланбаған 50 мың еуромен ұсталған еді. Енді ол көп ұзамай ресейлік сот алдында жауап береді. 25 маусым 2019, 10:48 2 851 рет қаралды
Атырау прокуратурасының қызметкері еңбек демалысы кезінде ұсталған Оқиға

Атырау прокуратурасының қызметкері еңбек демалысы кезінде ұсталған

11 маусымда Ақтауда Бас прокуратураның ішкі тергеу департаментінің қызметкерлері Маңғыстау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесе отырып, алаяқтық жасады деген күдікпен Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Жасұлан ҚАРАТАУДЫ ұстады. Ол «қызмет бабын пайдаланып, ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп күдіктелуде», - деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.   14 маусым 2019, 16:23 4 750 рет қаралды
Қолға түскеннің бәрін жымқырып келген Оқиға

Қолға түскеннің бәрін жымқырып келген

Полиция қызметкерлері бірнеше ай бойы Атырауда пәтер ұрлығымен айналысқан екі күдіктіні ұстады. Олар үй иелері жоқ кезде пластик терезелерді ығыстыру арқылы үйге түсіп, жолында кездескеннің бәрін жымқырып келген. Үй ұрылары 35 ұрлық жасағанын мойындап, олардан 150-ге жуық айғақ заттар тәркіленді.   Бейнежазба 29 мамыр 2019, 10:09 3 163 рет қаралды
Сот хроникасы Оқиға

Сот хроникасы

«Мен қазақстандықтардың қонақжайлығы мен адамгершілігін ұнатамын. Сіздің елде тұрып, жұмыс істегім келеді»,- деп жылылықпен сөйледі АҚШ азаматы халқымыз туралы. Жылыой аудандық сотының отырысында әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабы («Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу») бойынша оның ісі қаралған еді. 22 мамыр 2019, 11:08 3 404 рет қаралды
Кен орнын тонаған бесеуге іздеу жарияланды Оқиға

Кен орнын тонаған бесеуге іздеу жарияланды

28 сәуірде таңда Жылыой ауданындағы Прорва кен орнында орналасқан "ИБК Сибу" ЖШС кәсіпорнына қарақшылық шабуыл жасалды. Күзетші қорқытып, бес ер адам өздері келген КамАЗ жүк көлігіне салған цистернаға 24 тонна дизель отынын құйып алып, белгісіз жаққа қашып кеткен. 2 мамыр 2019, 16:38 4 873 рет қаралды
Ұрылар мен алыпсатарлар Оқиға

Ұрылар мен алыпсатарлар

Полицейлер Атырауда Жеңіс саябағы мен «Көктем» базары маңындағы дренаж жүйесінің металл торларын ұрлаумен айналысқан жергілікті екі тұрғынды ұстады. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде осы фактілерге назар аударғаннан кейін ғана бұл қылмыстың беті ашылды. 39 темір тор тәркіленді, оларды ұрылар металл сынығын қабылдау қосындарына тапсырып үлгерген екен. Сурет 26 сәуір 2019, 11:02 3 508 рет қаралды
Қайыршыны құл қылған кімдер? Оқиға

Қайыршыны құл қылған кімдер?

Әлеуметтік желілерде Атыраудағы «Дина» базарының алдында қайыр сұрап отырған мүгедек жігіттің 2010 жылдан бері құлдықта жүргенін айтып, адамдардан өзіне көмектесуін сұраған бейнежазбасы кеңінен талқылануда. Қала тұрғындары оны бірден таныды, өйткені осы жерде көп уақыттан бері отырады. Полицейлерге де таныс шығар: наурыздың аяғында теміржол вокзалының көлік қоятын жерінде «Жолда қабылдау» акциясы өткен кезде бұл адам сол жерге жақын маңда «жұмыс істеді». Бейнежазба 26 сәуір 2019, 10:11 5 754 рет қаралды
Нан арасындағы "есірткі" Оқиға

Нан арасындағы "есірткі"

Тек бір апта ішінде Атыраудағы УГ-157/9 мекемесінде (ерлер түзету колониясы) сотталушыларға есірткілік заттар бермек болған 3 әрекеттің жолы кесілді. Үш жағдайда да құрамында апиыны бар ауырсынуды басатын күшті әсерлі препаратты өткізбек болған. Ал бұл препарат дәріханаларда бірнеше мөртаңба соғылған рецепт бойынша ғана сатылады. Бұларды алып өтпек болғандардың тапқырлығы да таң қалдырады. 25 сәуір 2019, 17:26 3 850 рет қаралды