Атырау, 6 қыркүйек 00:39
 дождьВ Атырау +23.8
$ 456.56
€ 530.52
₽ 5.28

Оқиға

Ұшақ қанатының астындағы баспана - 2 Оқиға

Ұшақ қанатының астындағы баспана - 2

Әуежай маңындағы үй құрылыстарының заңдылығын құқық қорғау органдары тексеріп жатқаны туралы бұған дейін «АЖ» хабарлаған еді. Атап айтқанда, Атырау халықаралық әуежайының маңындағы «Нұрсая-3» ықшамауданындағы үйлердің құрылысы тексерілуде. Бізде жарияланған мақаладан кейін Атырау қаласы әкімдігі атынан әкім орынбасары Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ «АЖ»-ның ресми сауалына жауап берді. 28 ақпан 2020, 14:46 3 380 рет қаралды
Қаржы пирамидалары мен ломбардтар: 2 мыңнан астам адам полицияға жүгінді Оқиға

Қаржы пирамидалары мен ломбардтар: 2 мыңнан астам адам полицияға жүгінді

Өткен жылдың қазан айынан бастап Қазақстанның 13 өңірінде бұрын тіркелген «Гарант 24 Ломбард», «ЕЅТАТЕ Ломбард», «Выгодный займ» атты үш ЖШС бір уақытта өз қызметін бастады. Қаржы кәсіпорындарының негізін қалаушы және басшылары Ақтөбе облысының тумалары. Олар аталған компаниялардың заңсыз қызметін ұйымдастырған, – деп хабарлайды Polisia.kz. 25 ақпан 2020, 11:27 3 378 рет қаралды
Атырауда клиенттер «Home Avto Invest» директорын кепілге алды Оқиға

Атырауда клиенттер «Home Avto Invest» директорын кепілге алды

21 ақпанда Атыраудағы тағы бір ломбард - «HomeAvtoInvest» ЖШС - салымшылары кеңсенің алдына жиналып, кепілге салған ақша, көлік және жылжымайтын мүліктерін қайтаруды талап етуде. Бұл жерде домино принципі жүзеге асқан секілді. Халық «Нұр-Али Капитал» және «Гарант 24» ломбардындағы қиын жағдайды естіп, әбіргерге түсті. Тіпті салымдарыңызды кез келген уақытта алуға болады деп хабарлаған әлеуметтік желідегі бейнежазба да оларды сабасына түсірмеді. Алдыңғыларына қарағанда, бұл ломбардтың салымшылары "қатты кеткен" сияқты. Ломбардтың директорын кепілдікке алып, пәтерде ұстап отыр. Ал бұл ҚР ҚҚ 126-бабына («Заңсыз бостандығынан айыру») сай қылмыс болып саналады. Толықтырылды 22 ақпан 2020, 10:26 3 924 рет қаралды
Атырауда алаяқтық жасады деген күдікпен ломбард директоры іздестірілуде Оқиға

Атырауда алаяқтық жасады деген күдікпен ломбард директоры іздестірілуде

Атырауда полиция «Нұр-Али Капитал» ЖШС жұмысын тексеруді бастады. Жәбірленушілердің айтуынша, компания директоры клиенттерге ломбардқа кепіл ретінде тапсырған автокөлік немесе жылжымайтын мүлікті 2-3 айдан кейін тиімді бағаға сатып, қомақты қаражат етіп қайтаруға уәде берген.  Кеше, 19 ақпанда, алданып қалдық-ау деп алаңдаған бір топ атыраулық ломбардтың алдына жиналды. Бейнежазба 20 ақпан 2020, 17:48 5 784 рет қаралды
Атыраудағы нәрестені өлтіру ісі бойынша үшінші айыпталушы пайда болды Оқиға

Атыраудағы нәрестені өлтіру ісі бойынша үшінші айыпталушы пайда болды

«АЖ»-ға белгілі болғандай, жаңа туған нәрестені өлтіру туралы істі тергеу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Атырау облыстық перинаталдық орталығының 53 жастағы акушер-гинекологын ұстады. 11 ақпан 2020, 12:40 4 712 рет қаралды
Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Сайлауова 2 жыл бас бостандығынан айырылды Оқиға

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Сайлауова 2 жыл бас бостандығынан айырылды

№2 қалалық сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле САЙЛАУОВАҒА, білім басқармасының бұрынғы басшысы Қайырғали КЕНЖЕҒАЛИЕВКЕ, оның орынбасары Роза ҚАБДОЛОВАҒА, әдістемелік орталық директоры Ғабит ҚАБЕКЕНОВКЕ, жеке кәсіпкер Назымгүл МӘЖИТОВАҒА, «Қазақстан геологы» емдеу пансионаты» КМҚК есепшісі Қансұлу ЖАМЕЛОВАҒА, әдістемелік орталықтың маманы Бейбіт ЗАБЕНОВКЕ, есепшісі Құндыз ИМАНҒАЗИВАҒА үкім шығарды.  Сурет Бейнежазба 6 ақпан 2020, 20:53 8 021 рет қаралды
Атырауда алаяқ бірнеше «бір күндік» балабақша ашқан Оқиға

Атырауда алаяқ бірнеше «бір күндік» балабақша ашқан

Атырау полициясы ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен 26 жастағы Аида Максотованы ұстады. Ол жекеменшік балабақша мен мектепке дейінгі білім беру орталықтарын ашып, ата-аналардан жарты жыл немесе бір жылға алдын ала төлем жинап алып, кейін «көзден ғайып болған».  6 ақпан 2020, 17:23 4 698 рет қаралды
"АЖ" тілшісі сот отырысын өткізу орнын қалай өзгертті Оқиға

"АЖ" тілшісі сот отырысын өткізу орнын қалай өзгертті

3 ақпанда Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында мас күйінде автокөлік жүргізді деп айыпталған Полиция департаментінің қызметкеріне қатысты іс қаралды. Бірақ бұл отырыстың жоспарланған жерде өткізілмеуіне «АЖ» тілшісі қатысқан қалалық полиция басқармасының (ҚПБ) ішіндегі шытырман оқиға себеп болды. Жергілікті соттың тарихында мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған шығар. Барлығын басынан бастайық. Бейнежазба 5 ақпан 2020, 12:58 4 460 рет қаралды
Атырауда туыстарымен бірігіп «адамды бөлшектеген» қылмыстық іс бойынша үкім шықты Оқиға

Атырауда туыстарымен бірігіп «адамды бөлшектеген» қылмыстық іс бойынша үкім шықты

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында осыдан жеті жыл бұрын өз күйеуін өлтіріп, кейін мүрдесін туысқандарының көмегімен бөлшектеп, көміп тастаған әйелге қатысты іс бойынша үкім шықты. 29 қаңтар 2020, 10:42 6 084 рет қаралды
Ауылдастарының қорасына қасақана от салған Оқиға

Ауылдастарының қорасына қасақана от салған

Өткен жылдың күзінде «АЖ» Индер ауданы Көктоғай ауылында 7 үйдің мал қорасы мен қыстық шөптері өртенгені туралы жазды. Тұрғындар біреулер әдейі от салған деп болжам жасайды. Ал полиция қызметкерлері қасақана өртеу мүмкін емес деп пікір айтқан. Полиция істің мән-жайын әлі анықтаған жоқ. Дәл осындай оқиға Махамбет ауданы Таңдай ауылында да бірнеше рет болған, бірақ мұнда қылмыстың ізі табылды. 29 қаңтар 2020, 10:40 5 197 рет қаралды
Шекарашылар «Құрманғазыда» 15 тонна насыбай тиеген көлікті тоқтатты Оқиға

Шекарашылар «Құрманғазыда» 15 тонна насыбай тиеген көлікті тоқтатты

«Құрманғазы» шекарашылар қосынында ресейлік номерлі «КамАЗ» автокөлігін тексерген кезде көп мөлшерде насыбай тиелгені анықталды. «Барлығы 15 тонна 580 келені құрайтын 380 қап табылды», - деп хабарлады №2016 әскери бөлімше қызметкерлері. 28 қаңтар 2020, 12:22 5 383 рет қаралды
Прокурор бұрынғы облыс әкімінің орынбасары Сайлауоваға 7 жыл сұрады Оқиға

Прокурор бұрынғы облыс әкімінің орынбасары Сайлауоваға 7 жыл сұрады

Бүгін, 21 қаңтарда №2 қалалық сотта Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле Сайлауоваға, білім басқармасының бұрынғы басшысы Қайырғали Кенжеғалиевке, оның орынбасары Роза Қабдоловаға, жеке кәсіпкер Н.Мәжитоваға, сондай-ақ білім беру саласының қызметкерлері Г.Қабекеновке, К.Иманғазиеваға, К.Жамиловаға және Б.Забеновке қатысты сот процесі жалғасты. Процесске судья Жұмағали ТАШИМОВ төрағалық етті. 21 қаңтар 2020, 17:43 5 315 рет қаралды
Атырауда жылу желісінің жанында табылған нәрестенің анасы ұсталды Оқиға

Атырауда жылу желісінің жанында табылған нәрестенің анасы ұсталды

Атырауда жылу желісінің маңына қалдырып кеткен жаңа туған нәрестенің анасы ұсталды. Ол 21 жастағы Орал қаласының тұрғыны. Қазіргі мәлімет бойынша, ол жүктілігін жасыру үшін Атырауға арнайы келген. 18 қаңтар 2020, 09:22 5 448 рет қаралды
​«Сұлулық пен алаяқтық»: Атырауда «EcoClinic» ЖШС басшылары сотталып жатыр Оқиға

​«Сұлулық пен алаяқтық»: Атырауда «EcoClinic» ЖШС басшылары сотталып жатыр

№2 Атырау қалалық сотында «EcoClinic» ЖШС-нің екі басшысы үстінен қылмыстық іс көтеріліп, сот процесі жүріп жатыр. ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы ("Аса ірі мөлшердегі алаяқтық") бойынша оларға 73 клиентті 16 миллион теңгеге алдағаны үшін айып тағылып отыр. 18 қаңтар 2020, 09:48 4 835 рет қаралды
Атырауда табылған нәрестенің аты мен тегін емдеуші дәрігер қойды Оқиға

Атырауда табылған нәрестенің аты мен тегін емдеуші дәрігер қойды

Атырау полициясы жылу желісі бойына жаңа туған нәрестесін қалдырып кеткен көкек ананы әлі де іздестіруде. Облыстық балалар ауруханасы дәрігерлерінің айтуынша, қыз бала қатты тоңып қалған, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. 17 қаңтар 2020, 17:09 3 785 рет қаралды
​Қырылған балыққа қатысты іс бойынша сотталғандар үкімге шағымданды Оқиға

​Қырылған балыққа қатысты іс бойынша сотталғандар үкімге шағымданды

Естеріңізге сала кетсек, 25 желтоқсанда қызметін тоқтатқан «Атырау Су Арнасы» КМК-ның бұрынғы директоры Руслан ҚҰРМЕТОВ, оның орынбасары Виктор СУЩЕНКО және су тазарту қондырғыларының бастығы Михаил ЧУРСИН 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын  алған болатын. 15 қаңтар 2020, 14:53 3 095 рет қаралды
Қымбат үйдегі арзан пәтерлер туралы ертегілер Оқиға

Қымбат үйдегі арзан пәтерлер туралы ертегілер

Атырау қаласының №2 сотында «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қаралды. Жергілікті тұрғын адамдарға жаңа элиталық «Zaman» тұрғын үй кешенінен арзан пәтер сатып алуға көмектесуге уәде беріп, ақшаны алысымен хабарсыз кететін болған.   13 қаңтар 2020, 17:25 3 677 рет қаралды
Атырауда жанар-жағар май бекетін тонаған қарақшылар ұсталды Оқиға

Атырауда жанар-жағар май бекетін тонаған қарақшылар ұсталды

9 қаңтарда таңғы сағат  05.40 шамасында  Атырауда екі ер адам С. Датов көшесінде орналасқан жанар-жағармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасап, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, кассадан 268 мың теңгені алып кеткен. Бейнежазба 13 қаңтар 2020, 15:52 4 546 рет қаралды
Атырауда батарейка жұтқан сәби қайтыс болды Оқиға

Атырауда батарейка жұтқан сәби қайтыс болды

Облыстық балалар ауруханасында 11 айлық ұл бала батарейка жұтып қойып, қайтыс болды. Оқиға желтоқсан айының соңында болған, бірақ бұл туралы қазір ғана белгілі болды. Аурухана сәбидің өлімін растап отыр. 9 қаңтар 2020, 15:39 5 776 рет қаралды
Атырауда жасөспірімді қағып өлтірген жүргізушіге қатысты сот басталды Оқиға

Атырауда жасөспірімді қағып өлтірген жүргізушіге қатысты сот басталды

Атырау қалалық №2 сотында өткен жылы 21 қыркүйекте Баймұханов көшесінде жасөспірім баланы қағып өлтірген "Toyota Camry-50" көлігінің 22 жастағы жүргізушісіне қатысты сот процесі басталды. 6 қаңтар 2020, 15:27 4 048 рет қаралды
Атырау полицейлері педофилды Ресейден іздеді Оқиға

Атырау полицейлері педофилды Ресейден іздеді

Әлеуметтік желіге кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықпен жыныстық әрекеттер жасады деген күдікпен РФ азаматына бағдарлау хабарлама түсті. Аудиожазбада Саратовтан келген Сергей Корнилов есімді біреу Ресейде 20 баланы зорлап үлгерлен, қазіргі уақытта Атырау облысының аумағында болуы мүмкін деген ақпарат айтылады. Аудиожазбаға күдіктінің суреті және ол туралы қысқаша деректер қоса беріледі. 30 желтоқсан 2019, 17:19 3 249 рет қаралды