Атырау, 5 желтоқсан 10:59
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Алаяқ әлеуметтік желі арқылы алдаған

4 143 рет қаралды


Мақат ауданы полицейлері алаяқтық жолмен бірнеше адамның ақшасын пайдаланып келген әйелді қолға түсірді.

Полицияның айтуынша, ол ер адамдармен әлеуметтік желі арқылы танысып, үстеме пайдасымен қайтарамын деп олардан ақша алып, алдап келген. Төрт жәбірленуші барлығы 390 мың теңгесінен айрылып қалған.

Күдікті атыраулықтардан басқа НұрСұлтан, Өскемен, Қарағанды, Тараз, Ақтөбе қалаларының тұрғындарын да тақыршаққа отырғызып кеткені анықталды. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190 бабы 3 бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс көтерілді.

Ляззат ҚАРАЖАНОВА 

1 наурыз 2020, 21:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.