Атырау, 26 сәуір 13:26
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Атырауда клиенттер «Home Avto Invest» директорын кепілге алды

Толықтырылды
3 499 просмотра


21 ақпанда Атыраудағы тағы бір ломбард - «HomeAvtoInvest» ЖШС - салымшылары кеңсенің алдына жиналып, кепілге салған ақша, көлік және жылжымайтын мүліктерін қайтаруды талап етуде. Бұл жерде домино принципі жүзеге асқан секілді. Халық «Нұр-Али Капитал» және «Гарант 24» ломбардындағы қиын жағдайды естіп, әбіргерге түсті. Тіпті салымдарыңызды кез келген уақытта алуға болады деп хабарлаған әлеуметтік желідегі бейнежазба да оларды сабасына түсірмеді. Алдыңғыларына қарағанда, бұл ломбардтың салымшылары "қатты кеткен" сияқты. Ломбардтың директорын кепілдікке алып, пәтерде ұстап отыр. Ал бұл ҚР ҚҚ 126-бабына («Заңсыз бостандығынан айыру») сай қылмыс болып саналады.

Қазір оны клиенттері драмтеатр маңындағы 5 қабатты үйдің бір пәтерінде ұстап, тек алымдарды түгел қайтарғасын ғана босатуға уәде беріп отыр. «АЖ» тілшісі оқиға орнында болды. Аула ішінде «Home Avto Invest» ЖШС қызметкерлері отырған тағы бірнеше автокөлік тұрды. Көпшілігі жас адамдар. Полиция қызметкерлері де осында. 

- 22 ақпанда Атырау қаласының Полиция басқармасына бір әйел хабарласып, үйлердің бірінде ер адамды заңсыз ұстап отырғанын мәлімдеді. Жедел-тергеу тобы дереу көрсетілген мекен-жайға барып, ер адам Полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі уақытта 1995 жылы туған ер адамның «HomeAvtoInvest» ЖШС-нің атқарушы директоры екені белгілі болды. Оның айтуынша, ол пәтерге салымшылармен келіссөздер жүргізу үшін барған. Оған қатысты ешқандай күш қолдану шаралары тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта ол Полиция басқармасында аталған факт бойынша түсініктеме беруде, - деп хабарлады Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі.

Фархат ӘБІЛОВ

22 ақпан 2020, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.