Атырау, 5 желтоқсан 10:59
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Шекарашылар «Құрманғазыда» 15 тонна насыбай тиеген көлікті тоқтатты

5 154 рет қаралды


«Құрманғазы» шекарашылар қосынында ресейлік номерлі «КамАЗ» автокөлігін тексерген кезде көп мөлшерде насыбай тиелгені анықталды. «Барлығы 15 тонна 580 келені құрайтын 380 қап табылды», - деп хабарлады №2016 әскери бөлімше қызметкерлері.

Қаулы толтырылғаннан кейін 31 жастағы Дағыстан елінің тұрғыны жүкпен бірге Құрманғазы аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді. Естеріңізге салсақ, 2015 жылдан бастап насыбайды (шекпейтін темекі өнімі) Қазақстанда пайдалануға тыйым салынған.

Фархат ӘБІЛОВ

28 қаңтар 2020, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.