Атырау, 5 желтоқсан 10:58
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ауылдастарының қорасына қасақана от салған

4 910 рет қаралды


Өткен жылдың күзінде «АЖ» Индер ауданы Көктоғай ауылында 7 үйдің мал қорасы мен қыстық шөптері өртенгені туралы жазды. Тұрғындар біреулер әдейі от салған деп болжам жасайды. Ал полиция қызметкерлері қасақана өртеу мүмкін емес деп пікір айтқан. Полиция істің мән-жайын әлі анықтаған жоқ. Дәл осындай оқиға Махамбет ауданы Таңдай ауылында да бірнеше рет болған, бірақ мұнда қылмыстың ізі табылды.

Былтыр 16 қарашаға қараған түнде бір тұрғынның қорасынан өрт шықты. Махамбет ауданы орталығынан келген өрт сөндірушілер жалынды өшірген, алайда таңға жақын тағы бір үйдің ауласындағы шөп өртенді. Осындай шөп өртену оқиғасы 25 қарашада, 10 желтоқсанда тағы қайталанған. Араға уақыт салып болып жатқан оқиға ауыл халқын қатты алаңдатты.

- Жалпы ауылда 9 үйдің ауласындағы 180 орама шөп қастандықпен өртенді. Тұрғындар арасында алыпқашпа әңгіме көп, барлығы өрттің кездейсоқ шықпағанына сенімді. Облыстан арнайы полиция келіп, тікелей өздері тергеу жүргізді, - дейді Таңдай округінің әкімі Қайыржан МАЖЕНОВ.

Расымен де, кісі қолынан болған нәрсе екен. Атырау облысының ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, қасақана от салған деген күдікті ұсталып, тергеу абақтысына қамалыпты. Ол алыстан келмепті, төрт баланың әкесі, жұмыссыз, осы ауылдың тұрғыны екен. Оған қатысты ҚР ҚК 202-бабы (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) бойынша сотқа дейін тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА        

29 қаңтар 2020, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.