Атырау, 5 қыркүйек 23:53
 дождьВ Атырау +28.3
$ 456.56
€ 530.52
₽ 5.28

Оқиға

Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары бір бума ақшамен ұсталды Оқиға

Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары бір бума ақшамен ұсталды

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің әлеуметтік желісіне Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасарларының бірінің ұсталғаны туралы бейнежазба жарияланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жергілікті қызметкерлері әкім орынбасарының жұмыс кеңсесіндегі сейфінен бір мың теңгелік қағаз ақшаның бір бумасын алып шығады. Ол кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқан, сонымен қатар пара алды деген күдікке ілініп отыр. Бейнежазба 14 мамыр 2020, 22:24 11 225 рет қаралды
Парақорлық немесе талан-таражға салу жөнінде хабарлап, сыйақы ал Оқиға

Парақорлық немесе талан-таражға салу жөнінде хабарлап, сыйақы ал

Осы жылдың үш айында Қазақстанның 44 тұрғыны сыбайлас жемқорлық және талан-таражға салу фактілері туралы хабарлағаны үшін 7 млн теңгеден астам сыйақы алды. Соның ішінде, Атырау облысында 5 адам 700 мың теңге сыйақы алған. 8 мамыр 2020, 15:13 4 467 рет қаралды
Полиция қызметкерлерінің әшкере болған әрекеттері Оқиға

Полиция қызметкерлерінің әшкере болған әрекеттері

Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінде кеңес өтті. Онда үкімі шыққан және әлі де тергеліп жатқан құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер талқыланды. 1 мамыр 2020, 11:41 6 602 рет қаралды
Мотоциклмен бір кеште алты бап бұзды Оқиға

Мотоциклмен бір кеште алты бап бұзды

Әлеуметтік желілерде музыка әуенімен түнгі Атыраудың бос көшелерін едәуір жылдамдықпен кесіп өткен мотоциклшы түсірген ролик пайда болды. Орталық көпірден ТШО-ға қарай түсетін жерде оны жол-патрульдік полиция қызметкері тоқтатпақ болады, бірақ ол жылдамдықты үдете түседі. Бейнежазба 22 сәуір 2020, 09:59 4 177 рет қаралды
Мүгедек балаларды ұрып-соғу ісі сотқа жетті Оқиға

Мүгедек балаларды ұрып-соғу ісі сотқа жетті

Атыраудағы психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиешілеріне қатысты қылмыстық істі қосымша тергеу аяқталды. Алайда оның сотта қаралатын күні белгісіз. Әзірге облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, тергеу басқармасының бастығы, оның орынбасары және анықтаушыларға қатысты тәртіптік іс қозғалды. 18 сәуір 2020, 17:44 4 646 рет қаралды
«Бекіре-2020»: заң бұзушылық азаймай тұр Оқиға

«Бекіре-2020»: заң бұзушылық азаймай тұр

Кең ауқымды «Бекіре-2020» балық қорғау акциясының алғашқы 15 күнгі қорытындысы шығарылды. Табиғат қорғау органдары мен шекара қызметінің қызметкерлері 254 заң бұзушылықты анықтады, оның ішінде 215-і Атырау облысында, 19-ы Маңғыстау облысында және 20-сы БҚО-да. Негізінен біздің өңір туралы айтылады. 18 сәуір 2020, 16:00 4 377 рет қаралды
Айналма жолдағы оқиға: «Қандай жылдамдықпен жүрген?» Оқиға

Айналма жолдағы оқиға: «Қандай жылдамдықпен жүрген?»

15 сәуірде кешкі сағат жеті шамасында Hyundai Accent көлігінің 27 жастағы жүргізушісі орталық көпірден Драма театры жаққа қарай түсіп келе жатып, бұрқақты қоршаған жиекке шығып кеткен. Бейнежазба 16 сәуір 2020, 15:45 7 177 рет қаралды
Сенаторлар істің қысқартылғанына наразы Оқиға

Сенаторлар істің қысқартылғанына наразы

Атырау облыстық полиция департаменті №3 Арнайы әлеуметтік көмек көрсететін орталықта тәрбиеленетін мүгедек балаларды ұрып-соққан тәрбиешілерге қатысты қылмыстық істі тоқтатты. Бұл жағдай Қазақстан сенаторларының ашуын туғызды. Толығырақ – «АЖ» материалында. 13 наурыз 2020, 10:38 3 622 рет қаралды
Ломбард директоры түрмеде отырып ақша алғысы келген Оқиға

Ломбард директоры түрмеде отырып ақша алғысы келген

Атырау тергеу изоляторының (УГ-157/1) сәлем-саухат қабылдау бөлмесінде «ломбард» ісі бойынша қамауға алынған 24 жасар тергелушіге үйінен әкелінген шалбардың артқы қалтасынан 45500 теңге табылып тәркіленді. Сурет 10 наурыз 2020, 15:20 6 107 рет қаралды
Ресейлік азамат киіктің мүйізімен ұсталды Оқиға

Ресейлік азамат киіктің мүйізімен ұсталды

Жуырда Құрманғазы ауданы Байда ауылында орналасқан шекара бекетінде «КамАЗ» жүк көлігін тексеру кезінде 3 дана киіктің мүйізі табылған.  Көлік Ресей Федерациясының 1963 жылғы азаматына тіркелген.   6 наурыз 2020, 15:20 3 673 рет қаралды
Жылойда мектеп есепшісі 24 миллион жымқырған Оқиға

Жылойда мектеп есепшісі 24 миллион жымқырған

Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы білім беру саласында бюджет қаржысын ұрлау фактілетін анықтады. Өткен жылы жүргізілген аудит нәтижесінде 200 миллион теңгеге жеткен әртүрлі қаржылық бұзушылықтар орын алған. Оның ішінде тексерушілер бюджет қаржысын ұрлаған екі мектептің есепшісін тапты. Жақында соның біріне ҚР ҚК 189 бабы 3 бөлігімен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi ірі мөлшерде иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сот үкімін шығарды.  3 наурыз 2020, 23:42 5 631 рет қаралды
Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы 5 миллион айыппұл төлейді Оқиға

Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы 5 миллион айыппұл төлейді

Бүгін, 28 ақпанда, №2 Атырау қалалық сотында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Мәншүк АЙМУРЗИЕВАҒА қатысты жеңілдетілген тәртіпте қаралған қылмыстық іс аяқталды. Ол ҚР ҚК-нің 371-бабының 2-бөлігімен (Абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық) кінәлі деп танылып, оған жаза ретінде 2000 АЕК (5 млн 50 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды. Ол сондай-ақ 3 жылға медицина саласында басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды. 28 ақпан 2020, 15:00 4 227 рет қаралды