Атырау, 5 желтоқсан 10:58
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

NCOC-тың британдық менеджері Ақтауда ажал құшты

4 346 рет қаралды


15 наурызда Ақтаудағы қонақ үйлердің бірінде Атыраудағы NCOC компаниясында жұмыс жасайтын 53 жастағы Ұлыбритания азаматының мәйіті табылды.

Құқыққорғау органдарының берген мәліметі бойынша, 5 наурызда ол қызметтік сапармен NCOC-тың Ақтаудағы филиалына келген. 15 наурызда қонақ үйден шығуы керек еді, бірақ белгіленген уақытта тіркеу орнына келмеген. Қонақүй қызметкерлері артық кілтпен есікті ашқанда мәйіттің үстінен түскен. Тергеудің ең басты болжамы бойынша британдық азамат өздігінен асылып өлген.

- Өкінішке орай, NCOC қызметкерлерінің бірі өзінің жеке сапары кезінде аяқ астынан 15 наурызда Ақтауда көз жұмғанын растаймыз, - деп хабарлады «АЖ» тілшісіне NCOC баспасөз қызметінде. – Қазір біз оның өлімінің COVID-19 вирусына қатысы жоқ екенін мәлімдей аламыз. Компания қайтыс болған қызметкердің отбасына жан-жақты қолдау көрсетіп, құқыққорғау органдарына қайғылы оқиғаны тергеуге ықпал етуде.

- Полицияның айтуы бойынша, бұл оқиға қызметтік сапар кезінде болған.

- Жоқ, ол жеке сапары кезінде қайтыс болған.

«АЖ»-ға белгілі ақпарат бойынша, үнділік Ұлыбритания азаматы Атырауда Жайық жағасындағы бесжұлдызды қонақүйде тұрған. Маңғыстау облысы полиция департаментінің  хабарлауынша, өлімнің нақты себебі тағайындалған барлық сараптама нәтижелерінен кейін белгілі болады.

Фархат ӘБІЛОВ

17 наурыз 2020, 22:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.