Атырау, 5 желтоқсан 10:59
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Айналма жолдағы оқиға: «Қандай жылдамдықпен жүрген?»

Бейнежазба
6 963 рет қаралды

15 сәуірде кешкі сағат жеті шамасында Hyundai Accent көлігінің 27 жастағы жүргізушісі орталық көпірден Драма театры жаққа қарай түсіп келе жатып, бұрқақты қоршаған жиекке шығып кеткен.

Әлеуметтік желіде осы оқиға туралы бейнежазба мен суреттер таралып жатыр. Желі қолданушылары: «Жиекке қалай шығып кеткен, сонда қандай жылдамдықпен жүрген?» деген сауалдар қояды.

- Жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Зардап шеккендер жоқ. Қазір осыған қатысты материал жинап жатырмыз, сосын әкімшілік сотқа жолдаймыз, - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желіден алынған сурет мен бейнежазба

16 сәуір 2020, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.