Атырау, 27 сәуір 05:01
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Маска кимегені үшін үш тәулікке қамалды

23 064 просмотра


Атырауда жеке мектептің 31 жастағы мұғалімі (Нұр-Сұлтан тұрғыны) мамандандырылған әкімшілік соттың қаулысымен сауда орталығына қорғаныс маскасын кимей барғаны үшін 3 тәулікке қамауға алынды.

- 1 сәуірде, кешкі сағат 19-да карантиннің уақытша шектеулерін және басқа да міндетті санитарлық-эпидемиологиялық шараларды бұзған бұл азамат медициналық маска кимей, «Baizaar» сауда орталығының аумағында болған. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, тұрғылықты жерден тыс жерде маска кию, бір рет қолданылатын қолғап кию және қолды өңдеу үшін антисептиктер қолдану туралы нұсқау берілгені баршаға белгілі, - деп хабарлайды әкімшілік соттың баспасөз қызметі.

Құқық бұзушы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы (Төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша кінәлі деп танылып, үш тәулікке қамауға алынды.

Фархат ӘБІЛОВ

3 сәуір 2020, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.