15-мамырда Мақат кентінде төбелес болып, соңы атысқа ұласты. Салдарынан бір адам қайтыс болса, екіншісі жарақат алған.
Бейресми ақпарат бойынша, жігіттердің арасында өзара келіспеушілік болған. Текетіресте аңшылық шолақ мылтық қолданылған. Оқиға орнында 35 жастағы бір ер адам қаза болып, 29 жастағысы жарақатпен аудандық ауруханаға түсті.
Атырау облыстық полиция департаментінің өкілі Гүлнәзира МҰҚТАРОВАНЫҢ хабарлауы бойынша, күдікті азаматтар анықталып, оның біреуі ұсталып, қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 99 бабы 1 бөлігімен (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА