Атырау, 8 мамыр 03:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

«Бекіре-2020»: заң бұзушылық азаймай тұр

3 892 просмотра

Кең ауқымды «Бекіре-2020» балық қорғау акциясының алғашқы 15 күнгі қорытындысы шықты. Табиғат қорғау органдары мен шекара қызметінің қызметкерлері 254 заң бұзушылықты анықтады, оның ішінде 215-і Атырау облысында, 19-ы Маңғыстау облысында және 20-сы БҚО-да. Негізінен біздің өңір туралы айтылады.

112 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 7 қылмыстық іс қозғалды. 3,7 тонна балық тәркіленді, оның ішінде 401 кг бекіре, 16 кг қара уылдырық, 80 балық аулау құралы, 20 жүзу құралы.

Бекіре тұқымдас балық өсіретін екі зауыт үшін 40 өндіруші балық ауланды, олардың біреуі аналық қортпа, сондай-ақ шоқыр мен бекіренің аталық пен аналықтары бар.

Күн сайын Жайық арнасы сүзіліп, тазартылады. Осы аралықта 727 браконьерлік балық аулау құралы алынды. Дені Қытайда моноталшықтан жасалған синтетикалық торлар.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

18 сәуір 2020, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.