Атырау, 14 наурыз 16:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

Массажист клиентін ұйықтатып, тонап кетті

3 575 рет қаралды


Атырау облысының полиция департаменті қызметкерлері өз клиентін үйінде тонап кеткен 31 жастағы массажистті қолға түсірді.

-Атырау қаласының тұрғыны үйіне массажист келіп кеткеннен кейін барлығы 800 мың теңгені құрайтын  ақша мен алтын бұйымдары жоғалғаны жөнінде полиция бөлімшесіне шағымданды, - дейді ПД баспасөз хатшысы Гүлназира МҰҚТАРОВА. – Атқарылған жедел тергеу шаралары нәтижесінде күдікті азамат ұсталды. Ол Құрманғазы ауданының тұрғыны. ҚР ҚК-нің 188 бабы 1 бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу басталды.   

Фархат ӘБІЛОВ 

27 наурыз 2020, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.