Атырау, 10 шілде 13:23
 дождьВ Атырау +30.4
$ 467.41
€ 533.88
₽ 6.14

Атырауда браконьерлерден екі центнердей бекіре балығы тәркіленді

Бейнежазба
4 848 рет қаралды

Бейнежазбадан алынған кадр

Полиция қызметкерлері жергілікті екі тұрғынды ұстады.

- Жалпы салмағы 190 келі болатын 63 дана балық сарайдан және «Нива» көлігінің жүксалғышынан табылды. Балық тәркіленген өнімдерді өткізумен айналысатын Жайық-Атырау бекіре зауытына тапсырылды, - деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ҚР ҚК-нің 339-бабы (жануарлардың тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Ұсталушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Фархат ӘБІЛОВ

ПД баспасөз қызметі ұсынған бейнежазба

16 сәуір 2020, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.